«Вагонсервис» үздіктер қатарындағы ұжым

Аймақтар
19.05.2020, 11:04
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Вагонсервис» АҚ-ның жолаушы вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалы жылдың алғашқы тоқсанын жоғары нәтижемен аяқтады. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айтарлықтай көрсеткішке жеткен ұжым, республика бойынша алғашқы үштіктің қатарынан көрініп отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша «Вагонсервис» АҚ-ның үш филиалы бар. Оңтүстік пен Солтүстік аймақтарымен салыстырғанда Батыс бөлімшесі ең үлкен филиал болып саналады.

Яғни ең үлкен жұмыс көлемі де осында. Ақтөбе, Орал, Атырау, Қызылорда, Ақтау және Түркістан секілді алты қаладағы телімдер Ақтөбеден басқарылады. Филиал басқалармен салыстырғанда екі есеге дерлік артық вагондарға қызмет көрсетуіне қарамастан онда қозғалыс қауіпсіздігінде кемшіліктер жоқтың қасы. 2019 жылы қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты бірде бір кемшілік, ақау тіркелмеген. 2020 жылдың алғашқы тоқсанында да қозғалыс қауіпсіздігінде кемшіліктер жоқ.

Бұл – өте жақсы көрсеткіш. «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалы директорының орынбасары Жандос Алпысбаевтың айтуынша, 2020 жылдың төрт айында Техникалық қызмет көрсету -1 (ТКҚ1) талабымен, яғни рейс алдындағы техникалық тексеріс бойынша 12 143 вагон дайындалған.

Техникалық қызмет көрсету -2 жөндеу түрі бойынша жазғы тасымалдаудың алдында жоспарлы түрде жөндеуден 133 вагон өткен. Сондай-ақ, Техникалық қызмет көрсету -3 жөндеу түрімен алты айда өткізілетін ревизиялық жұмыстар бойынша 274 вагонға қызмет көрсетілген.

Салыстыра кетсек, Батыс филиалы бойынша 2019 жылы Техникалық қызмет көрсету -1 талабымен 53 мың 27 вагон дайындаған еді. Техникалық қызмет көрсету -2 жұмыстары негізінде 522 вагон жөнделіп, ТКҚ-3 бойынша 976 вагон ревизиядан өткен.

Филиалдағы барлық жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Кешігу не кейінге қалдырылған жұмыстар жоқ. Вагондардың тоқ беру жүйесі, доңғалақтары, аккумуляторлары, есік-терезелері, жалпы техникалықматериалдық жағдайы мұқият қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары уақытында жасалып жатыр.

– Ұжымда қазір 1126 адам жұмыс істеуде. Олардың дені тәжірибелі электрик, моторист, аккумуляторшы, вагон жуушы, эпикировшыжабдықтаушы секілді мамандар. Жолаушылар пойызының жарақты болуы ең алдымен оның жөндеу сапасына байланысты. Сондықтан вагон жөндеу жұмысында ең алдымен қауіпсіздік пен сапалы қызметке баса көңіл бөлінеді. Жолаушылар вагонның таза болып, жарық пен су, шайдың қайнап тұруы, желдеткіштің жұмыс жасауы сынды ең басты қажеттіліктерге ғана көңіл бөліп жатады. Олар біздің толып жатқан бөлшектер мен тораптардан тұратын жылжымалы құрамның барлық техникалық қауіпсіздігіне жауап беретінімізді біле бермейді. Тексеріс кезінде әсіресе, тежегіш жүйесі, қосалқы дөңгелек, автотежегіштің жұмыс жасауы қатаң бақыланады, – дейді вагон депосы бастығының орынбасары.

Қазіргі уақытта мекемеде вагондарды қысқы және жазғы тасымалдаудың алдындағы жоспарлы түрде жөндеуден өткізуді қамтитын ТКҚ-2 жұмыстары жасалып жатыр. Вагондардың іші-сырты боялып, санузелдер мен су қайнатқыштары ауыстырылып, желдеткіштер жұмысы тексерілуде.

Сонымен қатар, терезелерді ашу, вагондарды толық тазалау секілді жұмыстар да осы кезде өтеді. Филиалдың басты ерекшелігі - 1997 жылдан бастап үздіксіз жұмыс жасап тұрған автоматтандырылған вагон жуу қондырғысы. Бұл тек Алматы және Ақтөбе филиалдарында ғана бар. Ақтөбеде алдымен пайда болған.

Тазалау кезінде жұмысшы күші қолданылмайды. Арнайы машина арқылы қас қағым сәтте бірнеше вагон тазартылады. Соның арқасында, яғни осы автоматтандырылған вагон жуу қондырғысының арқасында бір күнде 50-60 вагон тазалау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

– Жалпы, 655 вагонға тұрақты қызмет көрсетеміз.144 вагон - Қытай өндірісінен шыққан вагондар. 2019 жылы Ресейден әкелінген 73 жаңа вагон бар. 59 украиналық вагон және 165 ескі вагон бар. Барлығы 13 пойыз және 20 шақты тіркелмелі вагондарымыз бар. Вагон жөндеу, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бүгінгі таңда бірінші орында екенімізді мақтанышпен айта аламыз, - дейді ол.

Филиалдың осындай жетістіктерге жетуіне вагоншылар ұжымын бес жылдан бері басқарып отырған тәжірибелі теміржолшы Теміржан Төреханұлының үлесі зор.

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп