Қосымша табыс табу нәтижесіз емес

Аймақтар
26.05.2020, 09:15
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС - Ақтөбе мен Орал бөлімшелері арасындағы барлық станция мен разъездерді, бюджеттік ұйым, тұрғын үй және басқа да кәсіпорындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіп, төтенше жағдай кезінде айтарлықтай көлемде тарифті төмендеткен мекемелердің бірі – осы теміржолсулықтар.

Тарифі төмендеген кәсіпорынның бүгінгі жағдайы туралы «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС директоры Әзберген Тәнімовтен білген едік.

Оның айтуынша, кәсіпорын тарифті төмендеткенмен, қосымша табыс табудың түрлі жолдарын қарастыруда екен. Кәсіпорын қиын-қыстау кезде тығырықтан шығудың барлық мүмкіндіктерін ойластыруда.

Қазіргі уақытта мекеменің алдына қойып отырған негізгі міндет – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар қосымша табыс көзін табу арқылы кіріс кіргізу.

Сондықтан, қызметкерлер жалақысын уақытында төлеу, мекемені қажетті материалдармен қамтамасыз ету үшін тендерлерге қатысып, бюджеттен төтенше жағдайға байланысты тапсырыстар алуда. Елдегі төтенше жағдайға байланысты мұнда да бірқатар шаралар қолға алынған.

Ауыз суды пайдалануға қатысты кәсіпорында санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтілді. Қызметкерлердің барлығы қорғаныш құралдары, медициналық бетперде, қолғап және антисептиктермен қамтамасыз етілген.

Санитарлық норма талаптарына сай қызметкерлер мүмкіндігінше қашықтан жұмыс жасау тәртібіне көшті. Қызметкерлер мен ардагерлерге әлеуметтік көмек те қарастырылған.

Әкімшілік ғимараттағы және желідегі мамандардың бір бөлігі қашықтықтан жұмыс жасау тәсіліне көшкенмен апаттық жағдайда қызмет көрсететіндер мен кезекшілер және әкімшілік ғимараттағы мамандар қызметінің негізгі жұмыс тәртібі сақталған.

Ал жалпы мекемедегі 154 қызметкер жалақысын толық алып отыр екен.

«Біз тек теміржол мекемелерін ғана емес, жеке халықты да ауыз сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Пандемияға байланысты антимонополиялық мекемемен бірге жұмыс жасап, судың сатып алу құнын карантин біткенше 20 пайызға түсірдік. Негізгі мақсат – халыққа ауыртпалық түсірмеу. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан мекеме ардагерлері мен жазғызбасты отбасыларға материалдық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС директоры Әзберген Тәнімов.

«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС – суды үздіксіз беру, жылумен қамту және кәріз жүйелерін қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, серіктестік балансындағы су желісі, су айдау станциясы, жылу қазандығы, жылу желілері уақытымен жөндеуден, тұрақты тексерістен өткізіп тұрады.

«Мекеменің өткен жылғы қызмет көрсету және қаржылық көрсеткіші ойдағыдай болды. 2019 жылды 59 млн табыспен қорытындыладық. Биыл бірінші тоқсанда 3 млн 347 мың табыс таптық. Елде қиын жағдай қалыптасып, пандемиялық карантиннің тоқтау шегін болжау мүмкін болмағандықтан экономикалық жағынан құлдырауға әкеліп жатқаны рас. Өткен айдан бастап барлық жылжымалы құрам тоқтады. Сонымен қатар біздің қызметімізге жүгініп отырған бюджеттік мекеме, балабақша, мектеп, тамақтану орындарының жұмысы да тоқтап тұрғаннан кейін жұмыс көлемі де кеміді. Сондықтан жыл соңында жақсы көрсеткішке жету үшін қосымша кіріс көзін іздеп, жаңа тендерлерге қатысып, жаңа тапсырыстармен жұмыс жасауға кірісіп жатырмыз»,– дейді Әзберген Тәнімов. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды