Қосалқы бөлшектер жетіспеушілігі бар

Аймақтар
29.05.2020, 12:33
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Елдегі төтенше жағдайға байланысты биылғы көктемгі тексеріс әр құрылым басшысының басқаруымен өз ішінде өткені белгілі. Тексеру қорытындысы жөніндегі мәліметтерге қарағанда әр мекеме басшысының тексеру ісіне жоғары жауаптылықпен қарағаны белгілі болды. Онлайн түрінде өткен қорытындылау жиынында қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтіктехникалық ғимараттар жағдайы бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер анық айтылды.

Әрине, қауіпсіздікке қатер төндірген олқылық жоқ, дегенмен тексеріс кезінде бөлімше бойынша барлығы 2469 кемшілік анықталған.

Тексеру комиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Дархан Құланбаев қорытынды жиында тексеру барысында станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралғанын жеткізді.

Өткен 4 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық.

Жолды және бағыттамалы бұрмаларды күтіпұстау бағытындағы кемшіліктер кесірінен пойыздарға жүруге тыйым салу және маневрлік жұмыстар жасау үшін жолды жабу мен жылдамдықты шектеу оқиғалары орын алған, бұл, әрине, жол дистанцияларына қатысты.

Дабыл беру және байланыс дистанциялары бойынша электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексе руді сапасыз жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер бар. Кей жерлерде электрқозғалтқыштар мен аккумулятордың жұмыс істеуі нашар, кей жерлерде кабельдер көмілмей қалған. Электрмен жабдықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесі төмен.

Сағыз станциясында ДГА-24 резервті электростанциясы жұмыс жасамай тұр. Мақатта №86 бұрма ешкімнің балансында емес, оған жауапты мекеме тағайындалуы тиіс. Атырау вагон пайдалану депосында Мақат-Құлсары станциялары аралығында КТСМ-02 қондырғысын орнату мәселесі шешілмей отыр.

Атырау локомотив пайдалану депосында көктемгі тесеріске 26 тепловоз түсуі керек болса, әзірге соның тек екеуі өткен. Мақат локомотив пайдалану депосы бойынша машинистер көмекшілерінің сөйлесулерін жете бақыламайды. Депоға қарасты ғимараттарда косметикалық жөндеуді қажет ететін жерлер бар.

Мақат сервис орталығында қосалқы бөлшектер сол бұрынғыша жеткіліксіз.

Өндірістік, жылдамдық өлшегіш, автомат, электроаппарат цехтарын да қосалқы бөлшектермен жабдықтау қажет. Тепловоздарға қосалқы бөлшектердің жоқтығынан олардың жүруінен тұруы көп.

Атырау вагон пайдалану депосында вагон қараушылар тарапынан вагондарға техникалық қызмет көрсетуде ақауды анықтау мен түзету дұрыс орындалмайды, станцияларда вагондарды қайта бақылау-тексеру кезінде кемшіліктер анықталған.

Негізінен тежегіштің пневматикалық және механикалық жабдықтары, тежегішті реттеу, қолмен тежегіштің дұрыс жасамауы сынды кемшіліктер. Бұлар өндірістіктехникалық жөндеу кезінде қалпына келтірілуі тиіс.

Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагон қараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз, соның кесірінен ағымдағы жөндеу жасауға мүмкіндік жоқ.

Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда. Станцияларда жеке қорғаныс құралдары жоқ, противогаздар ескірген. Еңбек қорғау бұрыштарын да жаңарту қажет. ЭЦ посттарында жылу жоқ.

Құжаттамаларды толтыруда қателіктерге жол беріледі, өндірістік қауіпсіздік журналында ешқандай ескертулер жазылмайды, станциялардағы аптечкаларда мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер кездеседі.

Жиын соңында тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, барлық басшылар көктемгі тексеріс қорытындысында кеткен олқылықтарды шұғыл түзеп, ол жөнінде есеп беруі тиістігі тапсырылды.

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz