Сақтандыру жұмыстары нәтижелі

Аймақтар
02.06.2020, 08:17
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент станциясы теміржолда қайғылы оқиғалардың алдын алу, бөгде адамдардың жолды кесіп өтуін тоқтату үшін күресті тоқтаусыз жүргізіп келеді. Жыл басында теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ұйымдастыру-техникалық шаралары негізінде үйлестіру кеңесі құрылған.

Осы жоспарға сәйкес, қазіргі кезде станцияда ай сайын тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Атап айтқанда, салалық мекемелермен бірлесіп станция паркі талапқа сай жаңартылып шықты.

Станцияда келетін-кететін пойыздармен жолаушыларды дер кезінде хабарландырып отыру, маневр жұмыстарын құлаққағыс етіп отыру – талапқа сай мүлтіксіз жүргізіледі.

Жыл басынан бері «Теміржол – аса қауіпті аймақ» атты тақырыпта тұрғындармен екі кездесу өткізілсе, Көлік полициясы және ӘТЖК, ПЧ теміржолшыларымен бірлескен 3 рейд ұйымдастырылған. Әсіресе адамдар көп өтетін станциядағы жұп дөңестегі өткелдер басты назарға алынып, сол жерде жиі-жиі кезекшілік ұйымдастырылып, азаматтарға қажетті кеңестер жазылған кітапшалар, буклеттер таратылып, теміржол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

«Біз, станциялықтар, әскерилендірілген күзет және желілік полициямен бірлесіп №31 мектептің 7-11 сынып оқушыларына екі лекция өткіздік. Оқушыларға теміржолда құлаққап тағудың өте қауіпті екенін, пойыздың даусын естімей қалып, абайсызда мерт болуы мүмкін екендігін ескертіп, мысалдар келтірдік.

Ай сайын дауысзорайтқыш құрылғылардың үздіксіз және ақаусыз жұмыс істеп тұрғандығын да тексеріп шығамыз. Егер қандай да бір ақау табылса, мерзімі өтсе, кемшілікті анықтап, ретке келтіріп отырамыз.

Табылған кемшіліктерді арнайы журналға тізіп отырамыз. Себебі ол алдағы жұмысымызға да қажетті қауіптің алдын алуға үйретеді. Осындай жұмыстардың арқасында болар, станцияда биылғы жылы бүгінге дейін ешқандай бөгде адамдарды пойыз қағып кету фактілері тіркелген жоқ», – деді Шымкент станциясының жетекші инженері Гүлжайна Талғатқызы. 

Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ