Қазығұртта қозғалыс тоқтаған жоқ

Аймақтар
02.06.2020, 10:20
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің іргелі станциясы Қазығұртта жұмыс қарқыны кеміген жоқ, қозғалыс та бұрынғыдай қауырт жүріп жатыр. Станцияда 23 сәуірде басталған көктемгі байқау аяқталып, жүз пайыз дайындықтарын көрсетті.

Қазығұрт станциясының бастығы Тоқтасын Қалмырзаев көктемгі байқаудың биылғы жылы өз күштерімен өткізілуі еш кедергі келтірген жоқ, керісінше, асықпай әр мекемеге бірнеше күн арнап, мұқият тексеріліп, анықталған кем-кетікті жойып отыруға уақыт жеткен.

Барлық ғимараттар мен өндірістік алаңдар тазартылып, әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Станция жолдары арамшөптерден тазартылған. Жалпы, негізінен, Шымкенттегі мұнай өндеу зауытына қызмет көрсететін Қазығұрт пен Текесу – бөлімше үшін ең маңызды станциялар. Бір ғана Қазығұрт станциясында 28 жол бар.

Оның 1-14 жолдары қабылдау-жөнелтуге арналған, 15-28 жолдарда сұрыптау-жөнелту жұмыстары жүргізіледі, ал 27-ші жол қауіпті жүктерді қоюға арналған. Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан станцияның көрсеткіштері де жаман емес.

Вагон айналымы сәуір айында 903 вагонды құраған. Ал 4 айда орта тәулікпен 980 вагонға жеткен. Тәулігіне 19 пойыз қабылдап, 16 пойыз жөнелтілген. 

«Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша жүріп жатқан COVID-19 індеті бойынша барлық посттарға дезинфекция жасайтын заттар жеткілікті түрде берілген. Жұмысшылар күнделікті жұмысқа түсер алдында медициналық тексеруден өтеді. Яғни арнайы дене қызуын өлшейтін құралмен тексеріледі. Жүргізіліп жатқан барлық іс-шаралар жұмысшылардың денсаулығы үшін жасалынып жатыр», – дейді станция бастығы. Айтуынша, өндірістік станция болған соң және көктемгі егіс, дала жұмыстарының басталуына орай мұнай және мұнай өнімдерін жөнелту бір күн де тоқтамаған. Станция бастығының шұғыл істер жөніндегі орынбасары Құнанбай Жаңабаев, станция бастығының логистика жөніндегі орынбасары Нұрәди Нұрлыбай, станцияның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженертехнологы Жұмабек Ахимов сынды өз істерінің майталман мамандары аз құраммен-ақ ауқымды жұмысты ұйымдастырып жүргізіп келеді. Жұмысшылардың барлығы маска, қолғап, дезинфекциялық құралдардан бөлек, арнайы жұмыс киімімен қамтылған. Бүгінгі таңға дейін станцияда еңбек қауіпсіздігі толық сақталған.

Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ