Жіңішке - өндірістік аудан

Аймақтар
09.06.2020, 08:39
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке - Ақтөбе жол бөлімшесіндегі өнеркәсіптік аумақта орналасқан табысты жүк станцияларының бірі. Облыста металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және ауылшаруашылығы жақсы дамығанын ескерсек, станцияның географиялық орналасуы да тиімді жерде.

Ондаған өндіріс орындарының орналасқан станция биылғы жылды жақсы көрсеткішпен бастады. Әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан, Жіңішке станциясы бес айда жүк тасымалы жоспарын артығымен орындады.

Әсіресе, құрылыс материалдары мен металл тиеу көрсеткіші бірнеше пайызға артып, 20 мың вагонға жуық жүк түсірілген.

Ал тиеу жұмыстарын 122,2 пайызға жоғары көрсеткішпен орындаған станцияда 139 224 тонна жүк жөнелтілген. Бес айдағы берекелі жұмыс жайлы Жіңішке станциясының басшысы Талғат Сағынов айтып берді. «Экономиканың дамуы тасымалдың өсіміне, жүк тасымалының деңгейі инвестицияға оңтайлы әсер ететінін білеміз.

Әлем пандемияға қарсы күрес жариялаған тұста да жүк тасымалының жұмысы тоқтаған жоқ. Қызметкерлердің барлығын қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілді. Қолғап, маскамен жүру, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы қатаң бақыланады. Таңның атысы, күннің батысы жүк тиеліп, түсіріліп жатады»,-дейді Жіңішке жүк станциясының басшысы Талғат Сағынов.

Станцияда жоспар бойынша мамыр айында 4396 вагон жүк түсіру қажет болса, ол 4397 вагонға орындалған. Оның ішінде 1679 вагон кен өнімдері түсірілген. Мамандар құймалы жүк тасымалы 51 пайызға төмендеп, едәуір азайғанын да жеткізді. Жыл басынан бері станцияда 19 771 вагон жүк түсірілген.

Жоспар бойынша 20 099 вагон. Олардың денін әктас, күкірт, сода, түрлі металдар, кен және ферроқорытпа өнімдері құрайды.

Жүк тиеу жұмыстарының көрсеткіші де жаман емес. Мамыр айында 124 031 тонна / 2030,5 вагон жүк тиеу жоспарланса, орындалуы - 139 224 тонна / 2354 вагонды құрайды. Тонналық жоспар 122,2 пайызға артығымен орындалған. Оның ішінде 482/32451 ваг / т қара металл, 93/5648 ваг / т химиялық заттар, 1163/66832 ваг / т құрылыс жүктері, 110/6974 ваг / т металл сынықтары бар.

Өңірдегі алпауыт компаниялардың бірі Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жүк тасымалы жұмыстары да негізінен Жіңішке станциясы арқылы жүргізіледі. Тауарлардың дені еліміздің солтүстік облыстарынан тасымалданып жүр.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытына қажетті шикізат жеткізіп, жүк тиеу және түсіру жұмыстары да Жіңшке станциясының еншісінде.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға