Атырауда өткен 5 айда өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған

Аймақтар
12.06.2020, 10:03
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Аса қауіпті аймақ саналатын темір жолда қауіпсіздік – бірінші міндет екені айтпаса да белгілі фактор. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өткен 5 айда өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Бірақ тепловоздарды шұғыл тежеу саны артып тұр, өйткені темір жол бойында иесіз жүрген мал көп.

Әрине, өндірісте жарақат алу, апат оқиғалары орын алмағаны – жақсы көрсеткіш. Оған қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басшылар тарапынан кенеттен тексеру жүргізуі, станцияларда жұмысшылармен технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды қадағалауы себеп болған да шығар.

Алайда машинистер жол бойына жиі шығып кететін иесіз жайылған малдың кесірінен тепловозды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болатындарын айтып зар қағуда. Нәтижесінде осы аталған мерзім ішінде машинистер тарапы нан 221 шұғыл тежеу орын алып, 4 мал басу оқиғасы тіркелген, бірақ тепловоздарға көп зақым келмепті.

– Өкінішке орай, шұғыл тежеу жүк және жолаушы пойыздарында да орын алған. Жол бойына малдың шығып кетуі – теміржолдағы ең басты проблемаға айналып отыр. Шұғыл тежеудің зияны жеткілікті – тепловоз бүлінбеді дегенмен, тұрып қалады, уақыт кетеді, ал ол қып-қызыл шығын. Жолаушы құрамы болса, жолаушыларға қауіп төнеді, оқыс тоқтағанда жарақат алуы мүмкін, т.б. Сондықтан «төрт түліктеріңізге ие болыңыздар» деп төңіректегі елге жар салып жатқанымыз зая кетіп, шұғыл тежеу тыйылмай отыр, – дейді бөлімше бас инженері Бауыржан Картан.  

Шұғыл тежеудің локомотивтердің ақау алуына да себебі аз болмай тұр. Осы мерзімде тепловоздар 89 рет жоспардан тыс жөндеуге тұрған, барлығы 11240,82 сағат. Ал КТСМ02 көрсетуі бойынша жыл басынан бері 15 пойыз тоқтатылып, орын алған кемшіліктер жөнделген. Бас инженер қауіпсіздікті сақтауда нұсқаулық сабағының пайдасы мол екенін айтып өтті.

Практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары болатыны дәлелденген соң бұл бағыттағы жұмыстар арта түскен. Осы кезеңде қауіптілігі аса жоғары аймақта жұмыс жасайтын жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс жасау іс-тәжірибесін көрсету бойынша 565 сабақ өтіп, оған 17925 адам қатысқан.

Оның ішінде станцияларда 250 сабақ пойыз құрастырушылар, белгі беруші, жүк қабылдаушылардың қатысуымен өткен. Теміржолшылардың үнемі далада жүретіні белгілі.

Сол бағытта еңбек гигиенасы, суықта қалай жүру, ыстықта өзін қалай ұстау, қатты жел кезінде қалай әрекет ету мысалдары да қажетті дүниелер. Ол бойынша да бюллетендер таратылған, сабақтар өткен. СОVІD-19 инфекциясының таралуына орай локомотив деполарында кеңейтілген мәжілістер өткізу тоқтатылып, жыл басынан тек 8 мәжіліс өткен. Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу бойынша 446 вагон қаралған, оның ішінде 231 жартылай ашық вагондар.

Сонымен қатар бөлімшеде әр айдың 1 мен 10 аралығында ішкі тексеру жүріп тұрады, осы бес айдағы тексеру нәтижесінде мұнда 8076 кемшілік анықталып, бәрі де дер кезінде түзетілген.

Теміржолшылар – өмірінің тең жартысын жол бойында өткізетін мамандық иелері. Оларда арнайы тамақтану уақыты болғанымен, пойыз келіп тұрғанда оған мүмкіндік бола бермейді.

Сол себепті жұмыс орындарында тамақтануға жағдай жасалуы да қажеттіліктің бірі. Соған сәйкес, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында Ганюшкино, Атырау, Ақжайык, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары, ВЧДЭ-1 Атырау бекеттерінде ас ішу бөлмелерінде барлық жағдай жасалыпты. Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі», «Хенрих травматизмінің пирамидасы» тақырыптарында көрнекі жадынамалар ілінген.

Сол секілді медициналық мекемемен «Инфаркт пен инсульттің алдын алу» жадынамасы әзірленіп, «Бірінші медициналық көмек көрсету» бойынша жедел жәрдем мамандарымен тренинг өткізілген. Ал жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 пайыз қамтамасыз етілген. 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті