Сексеуілдіктер алғыс айтады

Аймақтар
16.06.2020, 08:17
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сексеуіл станциясында сан жылдан бері теміржолдың бір жақ бетінде тұратын мектеп оқушылары келесі бетіндегі оқу орындарына темір жол арқылы өтіп баратын. Осы кенттегі 360 бала күн сайын мектепке бару үшін 14 жолдан тұратын станцияның қауіпті теміржол аймағын кесіп өтуге мәжбүр болды.

Мәселе жергілікті және республикалық баспасөзде талай көтерілді. Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Темір жолды жағалап топ бала жүр» деген мақала Қазақстан Президентінің назарын аударып, Мемлекет басшысы бұл туралы ойын өзінің Твиттер парақшасында бөлісіп, Қ. Тоқаев өзекті мәселені шешуді Үкіметке тапсырған. Міне, сексеуілдіктер қазіргі таңда кенттің осы үш жүзден астам бала тұратын бөлігінде жаңа мектеп құрылысы басталды деген сүйінші хабармен бөлісті.

– Ел ертеңі – балалардың қауіпсіздігі мен өміріне қатысты өткір мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей араласуымен шешімін тапты. Енді бұл оқушылар да, келесі жылдары мектеп жасына жететін өзге балалар да мектепке бару үшін темір жолды кесіп өтпейтін болды. Халықтың өзекті мәселесіне құлақ түріп, шешімін табуға ықпал еткен Президентімізге бүкіл Сексеуіл халқы алғысын білдіреді. Өзім теміржолшы болғандықтан аса қауіпті аймақ саналатын теміржолдан бала түгілі ересек адамның өтуіне біз алаңдап отырамыз, – дейді Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов. 

Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ