Сай-Өтес станциясында көпір салынады

Аймақтар
22.06.2020, 08:17
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау облысының Сай-Өтес станциясында теміржол үстімен жаяу жүргінші көпірі салынбақ. Қажетті қаражаты қарастырылып, теміржолдағы қауіпсіздікті сақтау бағытында теміржолшыларды толғандыратын мәселенің бірі биыл оң шешімін тапқалы отыр.

Көпір жобасы дайын. Мемлекеттік тапсырыс беріліп, мердігер мекемесі анықталған. Құрылысын «Ақжол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Жобаның құны – 56 952 000 теңге. Аталған құрылыс осындай кезеңде жұмыссыз қалған азаматтардың жұмыспен қамтылуына да септік етпек. Осы арқылы 14 адамның жұмысқа тартылуы көзделген. Көпірдің іргетасын қалау осы айға жоспарланған.

− Жоба бойынша теміржол үстімен жаяу жүргінші көпірінің жалпы ұзындығы – 54 метр, биіктігі – 8 метр. Оның 6 метрі жердің үстіңгі қабатында тұрса, қалған 2 метр – жерге қағылатын бөлігі. Көпір Сай-Өтес ауылы орталығы мен Толыбай шағын ауданының арасын қосатын болады. Сай-Өтестің теміржолдың арғы жағында жаңадан бой көтеріп жатқан үйлер мен екі аралықтағы халықтың теміржол үстімен алаңсыз қатынауына мүмкіндік туады. Құрылыстың тендерін «Ақжол Құрылыс» серіктестігі жеңіп алды. Қазіргі таңда құрылыстың рұқсаты алынып, жұмыстарын бастауға құжаттары дайын тұр. Құрылыс 6 ай көлемінде жүргізіледі, – дейді бұл жөнінде Маңғыстау ауданы әкімдігінің өкілі Адайбек Қалиев.

Аталған жаңалыққа тек теміржолшылар ғана емес, теміржолмен екі ауылға ары-бері қатынайтын тұрғындар да, халқының қауіпсіздігі үшін ауыл басшылығы да қуанышты.

Елдімекендер арасы қауіпсіз жолмен жалғанса, адам өміріне қауіп төніп, теміржол қозғалысына кедергі келмейтініне, әсіресе, станция маңында қарауыл болудан шаршаған теміржолшылар риза. Сай-Өтес станциясында көпір құрылысы ауылда бұған дейін қордаланып келе жатқан мәселенің бірі екен. Түйіні енді осы жылы тарқатылайын деп тұр.

Орайы келгенде еске сала кетейік, теміржолдағы көпір тақырыбын осыған дейін де жазған болатынбыз. Яғни, Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Құлшанбаевтың сөзіне сүйеніп Шетпе станциясы мен №14 бекет аралығы 314 шақырымдағы күзетпелі өткелге көлік жүретін көпір салуға ЖСҚ жасақталып, Маңғыстау-Бекет «Р» аралығындағы 2-шақырымдағы өткелге де сондай көпір салу жайы қарастырылуда екенін айтқан едік.

Сонымен түбек теміржолында бүгінде халыққа қызмет көрсетіп тұрған автомобильдерге арналған екі, жаяу жүргіншілер жүретін екі көпір бар. Сай-Өтестен бой көтеретін жаңа нысан түбек теміржолындағы жаяу жолаушыларға салынатын үшінші көпір болмақ. Бұған дейін тек Шетпе және Өзен станцияларында болатын.

Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ