Апат салдарын жоюда

Аймақтар
22.06.2020, 10:38
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Аягөз станциясында маусымның 16 күнгі кешкі сағат 18:30 мөлшерінде орын алған алапат дауылдан соң өңір бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазіргі күні жойқын желдің салдарын жоюға жергілікті теміржолшылар да қатысуда.

Тоқтала кетсек, дәл осы күні жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жететін жел тұрып, қала ішінде алапат құйын ойран салып өткен болатын.

Бір айта кетерлігі, «Қазгидромет» мамандарынан және жергілікті төтенше жағдайлар басқармасынан алдын ала дауыл болатыны жайлы ескерту хабарлама алған теміржолшылар бұл күні кешкісін кезекшілікке көп жиналған еді. Жергілікті ШЧ-30, ПЧ-42, ТЧЭ-25, Аягөз станциясы және өзге де еншілес мекемелер қызметкерлері де жұмыс орындарында болуы керектігі туралы алдын ала шақырту алған еді.

Апат орын алған санаулы минуттардан соң барлығы бір кісідей желі бойына шығып, басшылықтың нұсқауымен сенбілік жұмыстарын бастап кетті.

Атап айтсақ, жол бойына түскен бұтақтар мен ағаштар, тұрғын үйлерден ұшқан шатырлар, темір қоршауларды тазартуға екі күннен аса уақыт кетті. Желі бойындағы мұндай жұмыстар қазіргі күні де жүргізіліп жатыр.

– Алдын ала ескерту келгендіктен дүлей желге дайын болдық. Станция басындағы бос тұрған вагондардың қауіпсіздігі күшейтіліп, қосымша башмактар қойылды. Қала бойынша электр қуаты сөніп қалғанымен желі бойында ондай келеңсіздікке орын берілмеді. Шаһарда жарақаттанғандар көп. Алайда, теміржолшылардың барлығы да дін аман. Пойыз қозғалысына кедергі туындаған жоқ. Жылжымалы құрамдардың барлығы уақытында жөнелтілді, – дейді пікір білдірген Аягөз станциясы бастығының шұғыл жұмыстар бойынша орынбасары Біржан Нұрекеев.

Бүгінде 40 мыңға жуық халық тұратын станцияда бес мыңға таяу теміржолшы қызмет етуде. Қазіргі күні қалада төтенше жағдай режимі жарияланған. Барлық мекеме қызметкерлері шығындарын есептеп, дауыл салдарын жоюға атсалысуда.   

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті