Жүргіншіден қауіп көп

Аймақтар
22.06.2020, 10:50
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының Қызылорда станциясындағы атқыштар командасы ұжымы бөлімше бойынша өткізілетін теміржол көлігімен тасымалданатын жүк пен сала ғимараттарын, мүліктерін күзетеді.

Күзетшілер өздеріне тапсырылған жұмыстарымен қатар мүліктердің қолды болмауының алдын алу үшін жоспарланған профилактикалық шараларды да мерзімінде өткізіп отырады. Жоспарлы шаралар барысында теміржол объектілерінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында, бағдаршамдарға нұқсан келтіру, вагон терезелерін сындыру, теміржол аумағында байланыс кабельдерін жымқыру, құрал-сайман секілді құнды заттарды бүлдіру сияқты құқық бұзушылықтың орын алмауын қадағалау, жол бойын жағалап жүретін жүргіншілердің қылмыстық және өзге де ұрлық-қарлық оқиғаларын болдырмау мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізеді. Әзірге жүргізілген жұмыстардың нәтижесі көңілге қонымды секілді.

Кеше қауіпті аймақ саналатын теміржол бойын жағалай бейсауыт жүретін жүргіншілерге ескер ту, қылмыстық оқиғаның алдын алу, теміржол желісінде азаматтардың бақытсыз жағдайға душар болып жарақаттануын бодырмау мақсатында Шұғыл әрекет ету оңтайлы тобы бастығының көмекшісі Жандос Тарманов, күзетші Сәруар Тәжікеев Қызылорда станциясының солтүстік алқымындағы қызметтік өткел маңында жүргіншілермен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, оларға аумақтың аса қауіпті нысан саналатындығын, бұл маңнан өткенде өте сақ болу қажеттігін және тыйым салынған жерлерден теміржолды кесіп өтуге әрекеттенудің салдары адам өміріне қауіпті әрі құқық бұзушылық болып саналатындығын түсіндірді.

– Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен азаматтардың ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып жауапқа тартылатындығын түсіндіру, аса қауіпті аймақта сақтық шараларын қатаң сақтау, құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау мақсатында рейд өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жасадық. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-2-тармағына сәйкес карантин шараларының талабына байланысты кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің беймезгіл жүруіне шектеу жасалғаны баршамызға мәлім әрі құқық бұзу әрекеттері көбіне-көп беймезгіл уақыттарда орын алатындықтан рейд барысында жүргіншілерге мұны да ескертіп, үзінділер тараттық. Бір сағат шамасында қызметтік өткел арқылы 15 шақты жүргінші өтті, кейбірінің құлаққабын шешуін талап етсек, кейбірін жолдан өтерде велосипедтен түсіруге мәжбүрледік. Негізінен осы жол жағалап құлағына құлаққап киіп жүретіндер өте-мөте қауіпті болып тұр, сондықтан олармен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі, – деді ӘТЖК Шұғыл әрекет ету оңтайлы тобы бастығының көмекшісі Жандос Тарманов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда