Жүйесін тапқан жұмыстар

Аймақтар
23.06.2020, 11:57
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі ұлттық компаниясы басшылығы қойған міндеттерді жүзеге асыру және бекітілген жоспарларды орындау мақсатындағы жұмыстар легін қалыптасып отырған жағдайға қарамастан өз деңгейінде атқарылып келеді. Бөлімшенің өндірістіктехникалық бөлім басшысы Жанболат Әміровтің айтуынша, өткен бес айда пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақаулар, өзге қауіпсіздіктің бұзылуы, жұмыстағы қиыншылықтар болған жоқ. 

Ал, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу бойынша бір келеңсіз жағдай орын алған. Мақат-Құлсары аралығындағы 1248-шақырымда сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан тепловоз шұғыл тежеу жасауға мәжбүр болды.

Себебі, жолға ойыны осылғыр әлдебіреу ағаш шпалдар үйіп кеткен. Тепловоз бүлінген жоқ, басқа ақаулар да болмады. Кейін желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен кінәлі анықталып, оған айыппұл салынған.

Одан басқа пойыздардың кідіруі, техникалық құралдардың істен шығуы орын алған жоқ.

Бөгесін жоқ мидай далада жолды бораған қар немесе құм басып қалатын, қысы суық, жазы аптап ыстық өлкенің табиғи жағдайы жұмыстағы адам үшін де, жолдағы тасымал үшін де қиындық келтіреді.

Алайда, болат жолдың берекесін келтіріп жүрген жол жөндеу шеберлерінің, яғни жолшылардың еңбегі оның бәрін де еңсере алуда. Жол бүтін болса, пойыздар да қауіпсіз қозғала алады. Сондықтан жол жөндеу жұмыстарының тындырымды болуы үлкен маңызға ие.

Инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында, инвестициялық бюджет жоспары на сәйкес жол шаруашылығында күрделі жөндеу жүргізілмегенімен, ағымдағы жол жөндеу бойынша 969,8 сағатқа 440 «толаскез» беріліп, Мақат-Сағыз аралығында жолдар жөнделіп, белгі беру және байланыс саласы бойынша бірқатар жұмыстар жасалды. ВПРС, Унимат машиналарын қолдану арқылы бағыттамалы бұрмалар мен жалғамалы жолдарды көтеру мақсатында елуден астам бұрма жөнделді. Атырау, Құлсары жол дистанцияларында «Oliver Wyman» әдісіне сәйкес, ағаш табанды түйіспесіз жолдың рельс бунағына дәнекерлеу бойынша жұмыстар да жасалып тұрады. Осы жұмыстар нәтижесінде мыңға жуық түйіспе жойылып, жапсырма, түйіспелі бұрандалар бойынша жолдың үстіңгі құрылым материалдары үнемделді.  

Әрине, жол дистанциясының негізгі жұмыс көрсеткіші – жолды баллдық бағалау. Жолдың орташа баллдық жүйесінің бағалауы 2020 жылғы бес айда 74-тің орнына 49 балл болып, 151%-ға орындалды. Атырау жол дистанциясы бойынша жоспардағы 80 балл орнына 65 балл болып, 123%, Құлсары жол дистанциясы бойынша 67 балл орнына 32 балл болып, 203%-ға орындалды.

Әйтсе де, кей учаскелерде жолдың ақаулы жерлері көбейіп, бес айда 205 орында жөндеу жасалған. Жейсмар фирмасының қол еңбегін жеңілдететін механикаландырылған рельстескіш, рельскескіш құралдары да жол жөндеушілер үшін тиімді жабдық болып отыр. Нәтижесінде рельстік тізбектердің істен шығуы, станция жолдарын шолу мен өлшеу жұмыстарының саны азайды. Аталған машинамен Мұқыр, Жантерек, Кенбай, Жамансор, Мақат, Теңдік, Шоқпартоғай, Құлсары станциясы және бірқатар разъездерде шпалдар ауыстырылды. Ал «Дуамат» жол түзеу машинасымен Сағыз-Мақат учаскесі жолы түзетілді.

Ультрадыбыс ақаутапқыш арбамен де жүзден аса ақау қалпына келтірілді. Коронавирус індетіне байланысты көп жұмыстардың уақытынан кейінге шегерілгені де белгілі.

Соған орай посттар ашылып, карантин жойылғаннан кейін, 25 мамырдан бастап бүгінге дейін Мақат-Сағыз аралығында 814 темір-бетон шпал орнатылыпты.

Белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша бұрынғы ПОНАБ орнына жаңа КТСМ қондырғысы орнатылғаны белгілі, соған сәйкес, өткен мерзімде КТСМ, байланыс, радио және ПСГО бойынша жұмыс жасамай қалған жайттар болған жоқ. Электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша оннан астам шақырымдық жоғары кернеулі электр желісі жөндеуден өткізілді.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және станциялар мен разъездерді жарықтандыру үшін қосалқы трансформаторлық кешендер, КСО-10 жоғары кернеулі жабдығы (жоғары кернеулі камералар) орнатылғалы бері еңбек өнімділігі артты.

Вагон пайдалану депосы бойынша Ақжайық, Атырау, Ганюшкино, Сағыз, Мақат станцияларында жүк пойыздарын дайындау мен өңдеу уақытын қысқарту үшін тежегіштерді тексеретін және зарядтау қондырғысы (УЗОТ) орнатылса, Мақат станциясында дөңесалды паркі, Ақжайық станциясында бұрмалар мен сигналдардың микропроцессорлық (МПЦ-2) құрылғысының электрлендірілген орталық қосыны бүгінде қалыпты жұмыс жасап тұр. 

Аймақтар
12.01.2026
Абай облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» қорытындыланды
Жаңалықтар
12.01.2026
«Ресей темір жолдары» АҚ филиалы монополиялық жоғары бағалар үшін жауапкершілікке тартылды
Әлеумет
12.01.2026
2025 жылы көлік полицейлері 89 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Әлемде
12.01.2026
Швейцария Еуропадағы теміржол тасымалының көшбасшысы
Жаңалықтар
09.01.2026
Байланыс желісіне жоспарлы диагностика жүргізілді
Жолаушылар тасымалы
09.01.2026
Маңғыстау – Ақтөбе: жаңа вагондар жолға шықты
ҚТЖ келбеті
09.01.2026
Үздік вагон қараушы – Шуда
Қауіпсіздік
09.01.2026
Теміржолшылар жасанды интеллект көмегіне жүгінді
Аймақтар
09.01.2026
Маманнан маңызды дәріс
Аймақтар
09.01.2026
Тараздық студенттер теміржол тарихымен танысты
Әлеумет
09.01.2026
Қызыққа толы каникул
Жаңалықтар / Мұрағат
09.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №1 09 қаңтар 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
08.01.2026
Қырық екі жыл – темір жолда
Жүк тасымалы
08.01.2026
ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 2025 жылы 30% өсті
Аймақтар
08.01.2026
Дарынды балалар қолдауға ие
Жүк тасымалы
08.01.2026
2026 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы Сианьнан аттанды
Жаңалықтар
08.01.2026
Магистральдық желі дирекциясы экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда
Жүк тасымалы
08.01.2026
Транскаспий бағыты: Үміттен нәтижеге дейін
Жолаушылар тасымалы
06.01.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін электр пойыздарды тағайындады
Жаңалықтар
06.01.2026
ҚТЖ қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда