Карантин жағдайындағы күтім

Аймақтар
03.07.2020, 10:08
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары жылдың бірінші жартыжылдығында байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалу оқиғаларын болдырмай, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін оқыс оқиға, тосын жай секілді жағдайларға жол бермей қауіпсіздікті қамтамасыз ете білді.

Құрметті теміржолшы, тәжірибелі басшы Әкімжан Қосанов басқаратын белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы аймақтағы Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, АЛСН, УКСПС, КГУ және КТСМ құрылғыларының жұмысын бақылайды. дистанция бойынша жылдың алғашқы алты айында ақау тіркелген жоқ.

– Елде төтенше жағдай орын алып, карантин жағдайындағы соңғы үш айда да қажетті күтім жасалып отыр. Байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалу жағдайын болдырмау мақсатында технологиялық процестерге орай күтім жасау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, кейбір байланыс құрылғыларын жаңалау жұмыстары жалғасуда, – дейді дистанцияның техникалық бөлімінің инженері Нұрлан Жүсіпбаев.

Жылдың екінші тоқсанында жарияланған карантин режиміне сай алыстан басқару жүйесімен жұмыс жасауға бейімделген дистанциялықтар жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етіліп, қатаң тәртіппен жұмыс жасап құрылғылардың жұмысын бақылауды күшейте түскен. Аймақтағы эпидемиялық ахуалдың күрделілігін ескерген дистанциялықтар жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды назардан тыс қалдырмай, әр учаскедегі байланыс құралғыларына күтім жасауда.

Мәселен, өткен маусым айында технологиялық процестерге сай пойыздық және станциялық радиобайланыс және ПСГО құрылғысының қызметін жетілдіру, дамыту мақсатында желілік және ауысым электромеханиктеріне ПСГО жұмыс қабілетін тұрақты бақылауда ұстау, құрылғыларды тосын тексеруден өткізу тапсырылып, Қызылорда станциясындағы радио бақылау пунктiнің теміржолшыларымен 28 дана 43РТС-А2-ЧМ, 10 дана 42РТМ А2-ЧМ блоктарына, 2 дана 100У-101, 2 дана УТ-100 күшейткіш құрылғыларына, 2 дана БПУ маркалы қоректендіру блоктарына профилактикалық тексеру жұмыстары атқарылған.

Ал жыл басынан бері 154 дана 43РТС-А2-ЧМ, 33 дана 42РТМ-А2-ЧМ, 24 дана 11Р22С-3.2 радиостанцияларының блоктарына профилактикалық жұмыстар жасалған. Жосалы-Түркістан теліміндегі станциялық жолдардың рельс тізбектерінің жағдайын тексеруден өткізу жұмыстары да нәтижелі атқарылыпты.

Маусым айында жылдамдық өлшеуіш лента электронды ТУ-133 жорналы мен машинистердің ескерту кітапшасында АЛСН құрылғысының жұмыстан тыс қалуының бес жағдайы тіркеліпті. Бұл жағдай өткен жылдың есепті мерзімінде де бес рет тіркеліп биыл да сол көрсеткіш қайталанғаны байқалады.

Жылдың алғашқы жартысында дистанция бойынша АЛСН кодының бұзылу орын алса, олар кабельдің жарамсыздығынан, 2 жағдайда трансмистерлі және импулсьті реленің істен шығуынан және құрылғылар бабының ауытқуынан 2 жағдай тіркеліп, жалпы алғанда құрылғының бес мәрте жұмыстан тыс қалуы анықталған екен.

Осыған орай дистанция басшылығы мұндай олқылықтың алдын алу үшін, АЛСН, КЛУБ-У құрылғыларына қатысты орын алған жағдайлардың қайталанбауы үшін құрылғының жұмыстан тыс қалуы анықталған жағдайда ШНЦС ақауды орнына келтіруге тікелей қатысып, жағдайды арнайы құжатқа тіркеуден өткізіп, ШЧДС-терге үш күн ішінде құлақтандыруды тапсырды.

– 2020 жылдың маусым айында және жылдың алты айында «ДУ-46» журналына ескертулер тіркелген жоқ. Жылжымалы құрамалардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып дистанция телімдерінен өткізілген пойыздар КТСМ құрылғысымен бақылаудан өткізіледі. Пойыздық, станциялық радиобайланыс және ПСГО құрылғыларының жұмысы қалыпты жағдайда. Дистанция теміржолшылары қазіргі карантин жағдайында шеттетілген жүйемен жұмыс жасауда, байланыс құрылғыларына ағымдық күтім жұмысы барысында олар жеке қорғаныс заттарын қатаң қолдану арқылы, белгіленген арақашықты сақтау ұстанымымен жұмыс жасауда, – деді техникалық бөлім инженері Нұрлан Жүсіпбаев.

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында