Жүк айналымы жоспарға сай

Аймақтар
10.07.2020, 09:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жүк айналымы 4 млн 664 мың тоннаны құрап, жоспар 100,6 пайыз немесе 54 мың тоннаға артығымен орындалып, межеден асып түсті.

Жарты жылда бөлімше бойынша жалпы тасымалда жоспардағы 95758 вагон орнына, барлығы 97092 вагон пайдаланылған болса (101,6%), оның 6432-сі «КТТ» АҚ, қалған 90651 вагон өзге меншік иелері мен жалға алушылардікі.

Аталған мерзімде жүк тиелген 97092 вагонды таратар болсақ, экспортқа – 66459 вагон, 3-ші елдерге – 45905 вагон, ТМД елдеріне 20554 вагон, ҚР – 30633 вагон жүк тиелген. Жүк тиеу бағытында техникалық жоспар мынадай жүктермен орындалған: мұнай өнімдері - 103,1%, қара металл сынықтары – 93,2%, құрылыс жүктері – 74,2%, химикат пен сода – 102,0%, т.б.

Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүк тиеу 139,0 мың тоннаға өскен, яғни, тасымал көлемінің 2,7 пайызға артқаны байқалады. Байқағанымыздай, пандемияға қарамастан өңірде жүк тиеу көлемі жақсарып келеді. Жүк түсіру көлемі де жаман емес.

Мысалы,   6 айға орташа тәуліктік жоспар 431 вагон болса, нақтысы 400 вагонды құрады. Яғни, орындалуы 92,8%. Жергілікті жүктің аздығынан 31 вагонға кем түсті. Жоспар 3 млн 986,5 мың тонна болса, нақты тиелгені 2 млн 439,9 мың тонна. Жүк тиеу көлемінің азаюына жүк жөнелтушілердің жүк тиеуден бас тартуы себеп болған, өйткені сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі мен өнімнің болмай қалуы орын алды.

Мәселен, бір ғана «Теңізшевройл» ЖШС 2723 вагон, 95305 тонна пропан-бутан және 3443 вагон, 227238 тонна химикаттар жібере алмаған. Түрлі жағдайлармен жүк тиемеген аймақтағы осындай ірі газ-мұнайкомпаниялары бірнешеу. Сонымен қатар, 16 наурыз бен 7 сәуір аралығында «Атырау мұнай өңдеу зауытының» ашық мұнай өңдеу қондырғысы жоспарлы жөндеуге тұрса, «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» компаниясының газ тазалау қондырғысы да 20 мамырдан маусым айының соңына дейін жөндеуге тұрып қалды.

Жүк тиеу бойынша тәуліктік 526 вагон орнына533 вагон болып, жоспар 101,3 пайызға жетті. Жергілікті вагон айналымы да жаман емес, 322 вагон орнына 341 вагон болып, жоспар 105,9% болды. Бүгінде бөлімшеде жүк операциялары үшін ашық 11 станция болса, олардың бәрінде логистикамен айналысатын мамандар бар. Мамандар жергілікті жерде, станция басында барлық құжаттарыңызды рәсімдеп береді. Бұл жұмыстардың біртіндеп электронды түрге көшуі және мамандардың жаңаша көзқарасы тасымал тасқынын артуға сәл де болса себепші екені анық.

Екі жағдайда да уақыт үнемдуге көп маңыз беріледі. – Бүгінде Атырау өңірінде бірнеше индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асырылып отыр, олардың көлік логистикасын дамытуға әсері зор болмақ. Мәселен, Біріктірілген Газхимиялық кешенінің жобасы 2018 жылдың аяғына қарай тапсырылды.

Кешенді зауытты іске қосқан кезден бастап бірінші кезеңінде жылына 500 000 тонна полипропилен өндірілді. Теңіз кенішінен зауытқа газ жеткізу үшін тәулігіне 60 цистерна мен 20 тонналық 70 контейнер және 40 фитингілік платформа қажет. Екінші жоба – Химиялық зауытты қайта жаңарту. Былтырдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа өнім – параксилол шығарады, оны Ресей мен Белоруссияға жөнелту үшін тәулігіне 20 футтық 110 контейнер қажет. Атырау мұнай өңдеу зауыты қайта жаңартудан өткеннен кейін бензол, параксилол, автобензин, дизотын, реактивті отын шығару көлемін арттыруына орай Ақжайық станциясы арқылы жылына 50 мыңдай ашық түсті цистерналар пайдаланылады. Ал Қашаған кен орны жұмысына байланысты Қарабатан станциясынан 60 жартылай вагондар мен 40 футтық контейнерлер экспортқа жіберіледі.

Міне, осы жобалар өңірдегі теміржол тасымалына үлкен серпін беруде, – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының логистика және жүк тасымалы бойынша орынбасары Аслан Базарғалиев. Әлемдік экономиканың құлдырауы, мұнай бағасының төмендеп, сұраныстың азайып кетуіне қарамастан бөлімшеде жүк айналымы жоспарға сай, жақсы қарқынмен келе жатқаны, әрине көңіл көншітеді.   

Әлеумет
17.06.2026
Теміржолшылардың 10 мыңнан астам баласы лагерьде демалады
Инфрақұрылым
17.06.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту жүзеге асырылды
Әлемде
17.06.2026
Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды
Жаңалықтар
17.06.2026
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуге келісті
Аймақтар
16.06.2026
Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды