Жұмысшы пойызы шықты

Аймақтар
13.07.2020, 16:18
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Елдегі пандемияға орай қауіпті вирустың таралуын болдырмау мақсатында Маңғыстау вокзалынан қатынайтын барлық бағыттардағы пойыздар қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Олар – түбектен ұйымдастырылатын Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Бейнеу бағыттары. 

Сонымен Маңғыстау вокзалынан қатынайтын жолаушылар пойызының бес бағыты да уақытша жүрмейтін болды. Маңғыстау вокзалының бастығы Алма Аймқұлованың айтуынша, қазір вокзал кассаларының барлығы да жұмыс істеп тұр. Халықтың билеттерін өткізіп, ақшасын толық көлемде қайтаруларына болады.

Дегенмен әзірге вокзалға келіп, билет тапсырып жатқан халық көп емес екен.

Маңғыстаудан шығатын барлық пойыздың тоқтауы орталыққа пойызбен қатынап жүрген шалғай бекеттерде тұратын, күнделікті жұмыс орындарына пойызбен қатынайтын теміржолшыларға қиындық туғызды.

Дегенмен, жергілікті және орталық теміржол басшыларының дер кезде ширақ әрекет етуінің арқасында бұл мәселе оң шешімін тапты. Шілденің 11-нен Маңғыстау және Бейнеу станцияларынан арнайы кесте бойынша жұмысшыларды тасымалдайтын пойыздар ұйымдастырылды. Маңғыстаудан таңертең 9.00де шыққан пойыз 14:05-те СайӨтеске барып, 40 минуттан соң артқа қайтады. Кешкі 19:30-да Маңғыстау станциясына келеді.

Ал таңертең Бейнеуден Сай-Өтес бағыты бойынша қозғалатын екінші пойыз болса 12:50-де Сай-Өтеске жетеді. 13:30-да кері жүріп, Бейнеу станциясына 16:50-де келеді.

Пойыздар көрсетілген аралықтарда біраз бекеттер мен станцияларды басып өтеді. Бейнеу пойызы №1,2,3 және Үстірт пен 5,6,7 бекеттерді қамтыса, Маңғыстаудан шығатын пойыз Сай-Өтес станция сы, Тамақ, №16,15,14 бекеттер мен Шетпе станциясы және №13, 12, 11, 10, Маната, №9 бекеттеріне қатынайтын теміржолшылар үшін ыңғайлы болмақ.

− Пойыздарды негізінде 13 шілде күні шығаруымыз керек еді. Бірақ біз түнімен жұмыстанып, елордадағы тиісті мекеме басшыларымен келісіп, одан сәл ертерек іске қостық. Бұл вагондардың бірі Маңғыстау, екіншісі Бейнеу қалпына келтіру пойыздарына тиесілі. Вагондарды сол мекемелердің жоғары басшылығынан сұрап алдық. Себебі қазіргі жағдайда бекеттердегі адамдар жұмысына барады, сол пойызбен ауысымнан шыққандары кері қайтуы қажет. Әрі қарапайым жұмысшылар, бекеттерде тұратын қызметкерлер бар дегендей. Бұл пойыз соларға да тиімді болып тұр. Өйткені осы көлікпен дәрі-дәрмегін, тамағын алып қайтады. Мынадай індеттің ушығып тұрған кезінде адамдарға аз да болса көмек. Қазір, көріп отырғанымыздай, кейбір жерлерде тұрғындарға қажет көмек болмай, жұмыс жүрмей жатыр. Сондықтан біз өз адамдарымыздың игілігі үшін осы пойыздарды жүргізіп отырмыз, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов.

Еске сала кетейік, теміржолшыларға арналған мұндай пойыз өткен карантин кезінде де жолға қойылған болатын.

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында