Қиыршық тасы жаңартылды

Аймақтар
16.07.2020, 17:49
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жол дистанциясының теміржолшылары биылға жоспарланған кешенді жөндеу жұмыстарын аяқтады. Қызғалдақты торабы мен Қорайлы станциясы аумағында ХДВ, РШР, ДГС, ПБР сынды арнайы техникалармен жолдың қиыршық тасы жаңартылған. Нәтижесінде 14 км жол табанының кем-кетігі түзетіліп, қалпына келтірілді.

Биыл елде қауіпті індеттің таралуы, соған орай төтенше жағдай жариялануы мен карантин мерзімінің ұзартылуына қарамастан теміржолшылар жол жөндеу жұмыстарын уақытымен жасап келеді. Жоспарлы жұмыс тоқтаған жоқ. Жолды жаңғырту жұмыстары пойыздың жүру жайлылығын қамтамасыз етумен қатар пойыздар жылдамдығын да арттыратыны белгілі.

«Ақтөбе аумағында жоспарланған кешенді жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Қорытындылау жұмыстары Қызғалдақты торабы мен Қорайлы станциясы аумағында өтті. Әр жердегі жұмыс ауқымы мен көлеміне қарай белгіленген уақытта үлгердік. Қиыршық тастарды реттейтін арнайы техникалар кезегімен іске қосылып, жұмыстар өз уақытында аяқталды», – дейді Ақтөбе жол дистанциясы бастығының орынбасары Дархан Орынбаев.

Теміржол бойындағы жаңбырмен ойылып қалған тұстарға РМ80 техникасы пайдаланылған. Мамандардың айтуынша, мұндай ойықтар машинистердің ұсынысы негізінде ескеріліп, негізге алынып отырады. Жолды оңалту жұмыстары кезінде осындай ойықтар жоспарлы жөндеуге алынады. Себебі жөндеу уақытында жасалмаса, ойық көлемі бір шақырымға дейін созылып кетуі мүмкін.

«Теміржолдағы басты мәселе – қауіпсіздік, сондықтан табиғи құбылыстармен ойылып қалған осындай жерлерде пойыз жылдамдығын азайтады. Жылжымалы құрам қозғалысы сағатына 100 км болса, мұндай жерлерде қауіпсіздік мақсатында жылдамдық 60 км дейін шектеледі. Қиыршық тас тазалайтын РМ-80 техникасынан кейін оны тасымалдауға арналған машина іске қосылады. Әрі қарай таза қиыршық тас төгіліп, келесі техникамен әр шпалдың арасы бекітіледі. Осылайша кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстар Ақтөбе аумағында тиянақты аяқталды», – дейді Дархан Орынбаев.

Өңірде жөндеу жұмыстары 23 мамырда басталған еді. 65 шақырымға жуық жолға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары уақытында аяқталды. Ескі теміржол төсемдері Ақтөбе рельс арқалық зауытының өнімдерімен жаңартылды.

Отандық өнім елдегі теміржол қызметінде жоғары бағаға ие, жолшылар сенімінен шыққан. Жазғы жол жөндеу техникалары қазіргі уақытта Орал дистанциясы аумағында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды