Маңғыстау жоспарлы жөндеуден өтуде

Аймақтар
20.07.2020, 18:10
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазір Маңғыстауда қолданыстағы тепловоздардың дені 2ТЭ10МК сериялы ескі тепловоздар. 2002-2004 жылдары бұл локомотивтер америкалық Дженерал Электрик компаниясының электрқозғалтқыштары мен аппаратураларымен модернизациядан өткен. Сондықтан оның қосалқы бөлшектеріне тапшылық бар.

Бірақ соған қарамастан, жөнделмей, жүрмей қалып жатқан тепловоз жоқ. «Ат тапқанша тай міне тұр!» дегендей, жөндеу деполарының тапқырлығымен «америкалық» болмаса да қажетті қосалқы бөлшектер салынып, жұмыс жалғасуда.

− Бүгінде локомотив деполарында тепловоздарға қосалқы бөлшектердің уақытылы келмеуі проблема болып тұр. Аталған жағдай Қазақстанның барлық деполарында өзекті мәселенің бірі деуге болады. Себебі қазір біз қолданып жүрген 40 тепловоз осы 2ТЭ10МК сериялы тепловоздар болғандықтан қосалқы бөлшектері де сол жақтан алынады. Оның жеткізілуіне ұзақ уақыт кетеді. Дегенмен оны күтіп, жұмысты тоқтатып қойғанымыз жоқ. Жоқтан бар жасап, істен шыққан қосалқы бөлшектерді бірінен біріне салып, жамап-жасқап, тығырықтан шығып жатырмыз. Тежегіш жүйесінің бөлшектері, машинистерге қажетті шынтақ қойғыштар, орындық, маңдайалды терезе тазалағыштар сияқтылардың жарасы жеңіл, өзіміз жасап жатырмыз,– деген Маңғыстау локомотив депосының жөндеуді бақылау бөлімі бастығы Сәбит Зияев тепловоздардың негізі көп істен шығатын бөлшектері тартым электр қозғалтқышы, моторлы біліктік мойынтіректер екенін айтады.

Жөндеуді бақылау бөлімінің күшімен өткен жарты жыл ішінде CO-1 жөндеуін 43, CO-2 жөндеуін 48, CO-3 жөндеуін 29, CO-4 жөндеуін 6, CO-5 жөндеуін 7 тепловозға жүргізген. Бұл жерде CO-1-де ең төменгі жөндеу, яғни май, су құю секілді, жеңіл желпі техникалық шаруалар болса, әрі қарай жоғарылаған сайын жұмыс та күрделене түседі.

− Қазіргі пандемия, карантин жағдайына байланысты жөндеуді бақылау бөлімінің инженер-технологтары қашықтан жұмыс істеуде. Жұмыс барысы қашықтан басқарылуына қарамастан алға қойылған жоспарлар орындалуда. Тепловоздарға жүргізілуі керек жөндеу түрлері бойынша барлық жұмыс атқарылып жатыр. Бір ғана маусым айында CO-1 жөндеуі 12, CO-2 жөндеуі 8, CO-3 жөндеуі 5, CO-4 жөндеуі 2 тепловозға жүргізілді. Бұл жерде айта кететін нәрсе, тепловоздың жүрісі 21600 шақырымнан асқасын жөндеу түрлері бойынша ағытылады. Бүгінде депода барлығы 55 тепловоз бар. Сол тепловоздардың дер кезде жөнделіп, жұмысқа сай тұруы біздің мойнымызда. Қазір бөлімде жетекші инженер, бірінші санатты инженер технолог, инженер технолог, техник есепші бар менімен 5 адам жұмыс істеудеміз, – дейді Сәбит Зияев. 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында