Аягөз станциясында ескерткіш тақта орнатылды

Аймақтар
04.08.2020, 12:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай және де Түрксіб теміржолының 90 жылдық мерейтойына байланысты шығыстағы Аягөз станциясында шағын да болса ерекше шара өтті.

Атап айтсақ, осынау күні Аягөз жол дистанциясында даңқты теміржолшы, Түрксібтің құрыш білекті құрылысшысы Молбазар Ботақановқа арналып ескерткіш тақта орнатылды.

Аталмыш шараға Аягөздегі ПЧ-42 мекемесі басшылығы мен аудандық әкімдік ұйытқы болды. Карантиндік шектеулер себепті бұл шараға көп адам жиналған жоқ. Тек жергілікті теміржол мекемелері басшыларымен М.Ботахановтың ұрпақтары, даңқты тұлғаның көзін көрген ардагерлер қауымы келді. Тоқтала кетсек, «Ленин», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері, Құрметті теміржолшы болған Молбазар ақсақал теміржол саласына 1928 жылы 28 жасында келіпті.

Түрксіб құрылысын салған соң жергілікті теміржол саласына тұрақты қызметке орналасып, еңбек жолын даңқты түрде жалғастырған жан. Өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін қызмет атқарған Молбазар Ботаханов көптеген кәсіби сала мамандарын да тәрбиелеп шығарған, Аягөз бен Жармадағы үлкен мектептің іргесін қалаушы саналады.

Жиын барысында ардагерлер қауымы, Құрметті теміржолшының көзін көрген байырғы әріптестері сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді. Содан соң жиналған қауым естелік ретінде арнайы фотосуретке түсті. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті