Теміржолшыларды әлеуметтік желіде құттықтады

Аймақтар
04.08.2020, 09:26
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

 «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов Facebook желісі арқылы теміржолшыларды төл мерекесімен құттықтады. Билік партиясы басшысының жылы лебізі теміржолшылардың мерейін өсірді.

Өңірдің бас теміржолшысы, Ақтөбе ЖТ бөлімінің басшысы Бөріхан Беркімбаев – теміржолшылар мүддесін билік өкілдеріне құлағдар етіп жүрген мәслихат депутаты. Сала еңбеккерлері арасында да нұротандықтар аз емес. Филиал төрағасының бірінші орынбасары теміржолшылар – ел тамырына қан жүгірткен алып саланың майталман мамандық иелері екенін баса айтқан. Індет кезінде де жұмыла еңбек майданынан табылған теміржолшыларға алғыс білдірген.

«Биыл коронавирус пандемиясы жер бетінде кеңінен тарағанына қарамастан теміржолшылар жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын болып, кез келген қиындықты еңсере алатындықтарын дәлелдеді. Жолаушының жол азабын азайтып, айшылық алыс жерлерге аманесен жеткізіп келеді. Осынау жауапты қызметтегі біліктіліктері мен көлік қатынасы саласындағы сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз. Жарты ғұмырын шойын жолда өткізіп жүрген сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілеймін!» делінген құттықтау хатында.

Желідегі жазба астында теміржолшылардың да тілегі жүр. Алғыс білдіргендер қатарында отбасылық мереке екенін айтқан теміржолшылардың балалары мен зейнеттегі теміржолшылар бар.  

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға