Еңбек қорғау ережесіне сай

Аймақтар
05.08.2020, 12:15
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жыл басынан бері алты айдың қорытындысы бойынша Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша ешқандай өндірістік жарақатқа жол берілген жоқ.

Зиянды жағдайда жұмыс істейтін өндірістік нысанның бәрі де аттестациядан өткізілді. Филиал бойынша мұндай 336 жұмыс орны бар екен. Осында еңбек ететін жұмысшылардың барлығы да сүт өнімдерімен қамтамасыз етілді.


Сүт өнімдерін өткен жылдан бері «АзияСпецснаб» ЖШС бекітілген кестеге сай жеткізіп тұрады. Аттестацияның нәтижесі бойынша сүт алатын жұмысшылардың саны 176 адамды құрайды. Сонымен қатар, санитарлық-тұрмыстық ғимаратпен алты ай ішінде жұмысшылар 100% қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, жұмысшылар арнайы киіммен де қамтамасыз етілді. Оның ішінде жаздық – 67%, қыстық – 25%, СИЗ – 69%.


Апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында онлайн лездемелерде «Қауіпсіздік минуттары» өткізіледі. Мұнда теміржолшыларға жұмыстың түр-түріне арналған постерлерді көрсету арқылы қауіптен сақтануға шақырады. Сондай-ақ 2019-2020 жылдары Магистральдық желі дирекциясы бойынша орын алған оқиғалар туралы иллюстрациялық материалдар да пайдаланылады. Бұл ақпараттық материалдарда көбіне «Қауіпсіздік мінез-құлық диалогы», «Жұмысты тоқтатпау», «Салдарсыз оқиға» сияқты талаптар көзделіп, барлық құрылымдарға бағыттала айтылады.


Карантин кезінде бөлімше жұмысшыларын ZOOM платформасында оқыту жалғасын тапты. Онда «Өндірістік қауіпсіздік» автоматты біріктіру жүйесін пайдалану бойынша дәріске 3564 адам қамтылды. НЖС-9 бойынша 1670 адам қатысып, 39 түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алты ай ішінде НЖС-9 басшылығы мен желі бойында 3095 тексеру жүргізіліп, 5312 ескерту анықталды.


«Біз екінші жартыжылдыққа еңбек тәртібі мен жұмыстың орындалуын бақылауды күшейтеміз. Мұның бәрі де еңбек қорғау, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар, техникалық қауіпсіздікті сақтау талаптарына сай жүзеге асырылады. Күн сайын мақсатты нұсқаулықты өткізерде қандай қателіктер мен ақаулар орын алғаны туралы иллюстрациялық кітапшаларды пайдаланамыз. Желі кәсіпорындары жұмысшыларының арасында ИС ҚЕ мобильді қосымшасын пайдалануын күшейтпекпіз. Себебі, бұл қосымша теміржолдағы жұмысшылардың тарапынан еңбек және өндірістік қауіпсіздік ережелерін бұзғанын анықтаған жағдайда көмекке келеді. Үш тоқсан бойынша семинарлар жоспарланған болатын. Оның мақсаты – «Нөлдік жарақат» дәрісін өткізіп, теміржолдағы өндірістік қауіпсіздіктерді болдырмау», – деді НЖС-9 бас инженері Мұтарбай Битеміров. 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында