Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы: жұмыс жоспарға сай

Аймақтар
12.08.2020, 09:57
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өлке теміржолының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан саланың бірі – Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы. Бүгінгі таңда дистанция 736,3 километр жол бойын қамтиды және 6 аудандық, атап айтқанда, Атырау, Аққыстау, Ганюшкино, Мақат, Сағыз, Құлсары желісі, 3 көмекші, 41539 киловольттық трансформаторлық станциясы бар.

Дистанция 35,6 километр 1000 вольттық кабель желілерін, оның ішінде 152,8 километр төменгі вольтты желіні, 63 прожектор мұнарасын пайдаланады.

Өңірдегі теміржол мекемелерімен қатар дистанция балансында көптеген елді мекендер мен сауда нүктелері де бар, ондағы абоненттер саны 7 мыңнан асады. Осы нысандарды да жарықпен қамтамасыз етуде дистанцияның атқарар жүгі қомақты.

Соңғы жылдары ЭЧ-4 құрылымына кіретін жоғарыдағы 6 аудандық электр желілік бөлімшелерінде электр энергиясын коммерциялық жолмен есептейтін автоматтандырылған ақпараттық-өлшегіш жүйелер (АСКУЭ) жобасын енгізу бойынша жұмыстар жасады. Бұл жобаны қолданысқа енгізу жоғарыда аталған аудандар бойынша электр энергиясын есептеу құралдарынан мәліметтерді электрондық жинақтауға және оларды ғарыш терминалдары арқылы елордадағы электрмен жабдықтау орталығының қабылдау қондырғыларына тікелей жіберуге, жеткізілетін және тұтынылатын электр қуатын дәл әрі жедел анықтауға, беру және тарату кезіндегі шығынын дәл анықтауға, өлшеудің сандық технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.

«Ток көзімен қамту – үздіксіз және тұрақты. Атырау дистанциясында жыл сайын электр қондырғыларына мезгілінде және сапалы техникалық қызмет көрсетіледі. Олар сынақтан өткізіліп отырады. Электр энергиясын тасу желілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі, сонымен қатар жоспарлы алдын алу шаралары үнемі атқарылады. Бұл істердің барысында еңбек қорғау ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Қондырғыларды өндірістік пайдалану, жөндеу кезіндегі жұмыс қауіпсіздігі ғана емес, қауіп туғызатын мүмкіндіктердің өзін мейлінше болдырмау маңызды міндет саналады. Ол үшін жұмыс істейтін адамдардың еңбек қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс орнында қауіпсіздікке қажет алғышарттарды көздейтін арнаулы жоспар жасалады», – дейді дистанция директоры Қ.Тынымов.

2020 жылғы жарты жылда дистанция Атырау-Мақат-Сағыз, Атырау-Д.Нұрпейсова, Мақат-Құлсары-Бейнеу аралықтарындағы станцияларды және құрылғыларды ток көзімен тұрақты қамтамасыз етіп келді. Қазіргі уақытта осы аталған жоғарғы вольтты ток желілерін жоспарлы жөндеу жұмыстары: бағандарды, траверстерді, изоляторларды тазалау, әуе желісі сымдарын қайта тарту және ауыстыру жүргізілуде. Атырау станциясындағы 368Ш, 361Ш, 302Ш, 7Ц, 464Д, АБ ПЭС, жолсеріктер резерві нысанындағы әуе желілерінің темір бетонды және ағаш бағандары да басымдықпен ауыстырылуда. Сондайақ, Д.Нұрпейсова, Исатай, Афанасьево бекеттеріндегі тақ және жұп қылталарда КТСМ құрылғыларын токпен қамтамасыз ететін РЛНД10кВ ажыратқыштары да жаңартылып, Аққыстау станциясында 4,5 шақырымдық 3Д әуе желісі сымдары ауыстырылған. Жалпы, электрмен қамту бағытында мекеме ескерту алмай келеді. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылын да табысты қорытындылады.

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында