Жеті айдың жетістігі аз емес

Аймақтар
14.08.2020, 14:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі ағымдағы жылдың жеті айында кейбір көрсеткіштерді межесінен асыра орындаса, енді бірқатарында белгілі себептерге байланысты жоспарды толық орындай алмады.

Десек те, жеті айдың жетістігі аз емес. Мәселен, жүк айналымы жоспары 101,5% орындалып, өткен жыл межесінен 3,1% артық шықты.

Бөлімше мамандары жеті айда түйіспе пункттерден тәулігіне орташа есеппен 5935 вагон қабылданып, жоспардың асыра орындалғанын айтып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда, түйіспе пункттерден жалпы қабылданған вагондардың 237 вагонға немесе 4,2% артқанын көрсетіп отыр.

Бірақ, жүк вагонының динамикалық жүктемесінде жоспардың азкем, яғни 0,1% орындалмағаны байқалады. Оған тәулігіне орташа есеппен алғанда жүк тиелген вагондар санының 26 бірлікке дейін қысқарып кетуі себеп болған. Десе де, жеті айлық меженің үдесінен табылмағанына қарамастан, бұл көрсеткіштің былтырғы жылдың жүк вагонының динамикалық жүктемесінен орташа тәулікте 0,15 тоннаға ұлғайғаны байқалады.

Ал жүк тиеліміне келсек, биылғы қаңтар-шілде аралығында жоспардан тыс 119 600 тонна жүктің артылып тиелгеніне қарамастан, бұл көрсеткіш өткен жылдың жеті айлық межесінен 500 300 тонна жүкке кем болып отыр. Оның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, 2019 жылы егіннің бітік болмауы, яғни құрғақшылық, кейін тоқтаусыз жауын-шашынның болуы болса, АҚШ-тың Орталық Азияның негізгі тұтынушы елдеріне қарсы санкциялары, үшіншіден, Өзбекстан аумағындағы (Өзбекстанда астық тартатын кәсіпорындардың пайда болуына байланысты) транзит пен кіріп шығуға кедендік салымның өсуі салдарынан туындаған қымбатшылық есебінен Орталық Азия елдерінде астық өнімдерін тұтынуға сұраныстың төмендеуі, COVID-19 пандемиясымен күрес салдары кері әсерін тигізген.

Жүк түсіру жұмысына келсек, бұл бағыттағы жоспар 94,6% орындалған. Жүк түсірілімінің төмендеуіне осы жылдың қаңтарақпан айларында ауа-райының қолайсыздығы, одан кейін наурыз айында коронавирус пандемиясымен күресуге байланысты елімізде төтенше жағдайдың жарияланып, соның салдарынан негізгі өндірушілердің толықтай немесе жартылай қызметтерін тоқтатуы себеп болған.

Жеті айлық жұмыс қорытындысы бойынша жүк вагоны айналымы, бос вагондардың жүк тиелген вагондарға шаққандағы жүріс проценті, жүк вагонының ортатәуліктік өнімділігі сынды көрсеткіштер көңілден шықпаса, жергілікті вагон айналымы, локомотивтің орта тәуліктегі жүрісінің орындалуы, вагондардың жалпы жұмыс паркінің күтімі, бір жүк операциясы кезінде вагондардың тоқтап тұруы, телімдік және техникалық жылдамдық, локомотивтің ортатәуліктік жүрісі сияқты межелі жұмыстар жоспардан асыра орындалған. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты