Тың бастама қолға алынады

Аймақтар
18.08.2020, 12:45
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты ғасырдан аса тарихы бар Семей станциясының басшылығы жуырда шағын лездемелік отырыс өткізіп, ұжымның мәдени-қоғамдық өміріне серпін әкелер тың шешім қабылдады. Атап айтсақ, аталмыш мекемеде ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан, түп негізі сонау Түрксіб құрылысынан басталатын іргелі династиялар туралы арнайы деректер жинастырылмақ.

Станция басшылығының ұсынысы бойынша қазіргі таңда мекеменің кәсіподақ ұйымы жан-жақты жұмыс жүргізуде.

Соның аясында отандық теміржол саласындағы еңбек өтілдері 300 жылдан асатын теміржолшылар әулетінің станцияда еңбек еткен мүшелері туралы мағлұматтар мен құжаттар, фотосуреттер, мерзімдік баспасөздерде жарық көрген мақалалар, кітаптар мен жекелеген естеліктер жинастырылып, жазылып алынуда.

Бір қызығы – шығыстағы теміржолшылар арасында Түрксібтен басталатын династия өкілдері, осыған дейін айтылып жүргендей, жол шаруашылығында емес, қозғалыс саласында көп екендігі анықталыпты.

Олардың қатарында, мысалы, Тұндықбаевтар, Қашағановтар, Мәмбетовтар, Өтеленовтер, Хамзиндер, Қалиевтар сынды белгілі теміржолшылар әулеттерінің өкілдері бар. Ал станция бастығы, теміржол саласында 30 жылдан аса еңбек өтілі бар Алтынбек Мәмбетовтың өзі де үшінші буын династия өкілі саналады екен.

– Қазіргі күні бір ғана Семей станциясында бізге белгілі болғандай, 30-ға жуық династия өкілдері бар екені нақтыланып, тіпті еңбек кітапшаларындағы деректер бойынша расталды. Бұл – бүкіл ұжымның 20 пайызға жуығы деген сөз. Дегенмен, бұл көрсеткіш әлі де толығып, арта түсетіні анық. Себебі, бұл бағыттағы жұмыстар енді ғана басталды, – дейді станцияның кәсіподақ төрайымы Шәрбат Мейірманова.

Қазіргі күннің өзінде бірқатар құнды деректер жинақталған. Соның аясында Түрксібтің 90 жылдық мерейтойына орай көрнекті орынға қойылатын арнайы стенд әзірленіп жатыр. Бұл шаралардың сыртында алдағы уақыттарда Жастар ұйымының көмегімен арнайы танымдық-тағылымдық мәні бар бейнеролик түсіріліп, жинақ ретінде кітапша да жарық көрмек.

Бұл бағыттағы шараларды бөлімшенің ардагерлер кеңесі де құптап отыр. Қазіргі күні жұмыс тобының бейресми бекітілген жетекшісі, Семей станциясының бас инженері Еркін Тойкеновтің жетекшілігімен Түрксібтен шыққан әулеттер жайлы мағлұматтарды іздеу, жинастыру, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

– Түрксіб құрылысын айтқанда байырғы еңбек династиялары еске оралады. Нағыз еңбек майданында жүрген аталы-балалы теміржолшылар әулеттерінің сіңірген өлшеусіз қызметтері ұмытылмауы тиіс. Сонымен қатар, салалық қызметте династиялық әулет қалыптастыру сынды ізгі дәстүрді қайта жаңғырту қажет, – дейді бұл ретте пікір білдірген «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы жанындағы консультативтік кеңестің мүшесі, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов.

Бұл жұмыстарды осыған дейін атқаруға өңірдегі күшейтілген карантиндік шектеулер себеп болғанын айту ләзім.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті