Шұғыл тежеудің салдары

Аймақтар
21.08.2020, 09:05
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жол дистанциясы бойынша жыл басынан бері 7 ай ішінде 3 оқиға орын алған. Оның екеуі – пойыздың адам қағып кетуі, ал біреуі – жүріп бара жатып берілген белгіні жауып қалу дерегі.

Жалпы, дистанция телімінде жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тоқтатудың 42 фактісі тіркелген. Шұғыл тежеудің салдары – екі адам басу, бір мал басу оқиғаларымен аяқталса, қалғаны – қағып кеткен немесе алдын алған жағдайлар.

Жыл басында 28 наурыз күні Шымкент-Қорғасын өткеліндегі тақ жолдағы 2511 пикетте ВЛ-80С №2572 электровоз машинисі 30 км/с жылдамдықпен келе жатып, жолда адамды көріп қалып, оқыс тоқтауға мәжбүр болған. Алайда әлгі адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Анықтай келе, 1961 жылы туылған азаматтың масаң күйде жолға шығып кеткені белгілі болды.

Ал 7 шілде күні Манкент-Қызылсай өткеліндегі 3313 км 1 пикеттің тақ жолында ВЛ-80С №1979 электровоз машинисі 55 км/с жылдамдықпен келе жатқан кезде жолға шығып кеткен адамды байқап қалып, кілт тоқтаған. Мұнда суицид жасамақ болып жолға әдейі шыққан 30 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Шымкент жол дистанциясының иелігіндегі телімнің пайдаланудағы ұзындығы – 206,7 км. Оның ішінде екі жолды участок – 160,6 км, бір жолды участок 46,1 км құрайды. Дистанция жолының жазылмалы ұзындығы – 531,4 км. Оның басты жолы – 373 км, ал станция жолдарының ұзындығы – 158,4 км. 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында