Қазалы транзиттік станциясында жұмыс қызған

Аймақтар
25.08.2020, 10:06
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Екінші класты Қазалы транзиттік станциясы – Қызылорда бөлімшесіндегі маңызды бекеттің бірі. Станциялықтар ағымдағы жылдың басынан бері өздеріне жүктелген тапсырмаларды мінсіз орындап, пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін толық сақтай білді. Өндірістік көрсеткіштер де межеден асыра орындалып отыр.   

Станциялық және кірме жолдарда оқыс жағдай орын алмаған, вагон паркі түгел. Өткен жылы да, биыл да қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптары орындалып, өндірістік жарақат алу жайы тіркелмеген.

Станция тынысы мен атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет ұсынған станция бастығының оперативті жұмыстар жөніндегі орынбасары Руслан Мақашовтың айтуынша, қазалылықтар жыл басынан бері 297 вагонға 15242 тонна жүк тиеген. Осы аралықта 2325 вагоннан жүк түсіру нормасын 2799 вагонға жеткізіп, жоспарды 120,3 пайызға асыра орындапты. Қысқасы, барлық көрсеткіштер жоспарға сай, ең кемі 103,1 және 124,1 пайыз аралығында орындалғаны әлеуеті жоғары бекеттің еңбекқор ұжымының тиімді жұмыс істеп отырғанын дәлелдейді.

Бекетке келген жүк пойыздарын сараптап, қайта құрастыру да ойдағыдай. Жыл басынан бері 56 пойыздың 26606 вагонын ағытып, бөлшектеп, 27592 вагонды 384 пойызға жинақтап, құрастырып жөнелткен. Оған қазалылық теміржолшылардың кірме жолдарға вагондарды беру, оны кері алу, құраманы қайта тіркеу, бір жүк операциясы кезіндегі вагонның тұруы немесе вагонның жүк операциясы жасалмай бос тұруы секілді жұмыстардың жиынтық көрсеткіштерін қоссақ, станциялықтардың бір тәуліктегі атқарған жұмысының нәтижесі қомақты екенін байқаймыз.

– Екінші класты транзитті станция саналатын Қазалы бекетінде тақ және жұп екі парк бар. Жүк тиеу-түсіру, маневрлік пойыздық жұмыстар осында атқарылады. Үш жол жолаушылар пойызын қабылдап-жөнелтуге арналған. Пойыздардың бекет жолына кесте бойынша қабылданып жөнелтілуінде әзірге кедергі болған емес. Күнделікті жөнелтілетін пойыздардан бөлек қазіргі таңда контейнерлік пойыздар қозғалысына аса мән беріліп отыр, тәулігіне 7-8 контейнер пойыз өткізілуде. Ұжым өз ісінің мамандары саналатын тәжірибелі теміржолшылардан құралған. Станция кезекшілері Өмірбай Қарабеков, Бақытбек Қараев пен Манас Ізтілеу, станция кезекшісі жанындағы оператор Асылзат Каденова мен Гүлнұр Сисенова, пойыз құрастырушылар Нұрғазы Өтекеш, Мейрамбек Құлмұратов – осы ұжымда бір емес, бірнеше онжылдық еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі теміржолшылар, – дейді бекет бастығының орынбасары Руслан Мақашов.

Станцияда қазіргі эпидемиялық ахуалға байланысты жұмыстардың басым бөлігі техникалық сабақ, инструктаж секілді білім жетілдіру жұмыстары электронды жүйемен қашықтықтан жүргізілуде. 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында