Көмір 62% жеткізілген

Аймақтар
28.08.2020, 11:16
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір тасымалы маусымы қыза түсті. Осыған дейін теміржолшылар аймақ көлеміндегі іргелі жылу электр орталықтарын қажетті қормен толықтай қамтамасыз етсе, қазіргі таңда жекелеген жылу көздерін, тұрғындар үшін тұйық желілерді отынмен қажетті көлемде қамтуда.

Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалы бөлімі мамандарының пікірінше, шығыстағы теміржолшылар қауымы облыстағы ЖЭО мен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор әзірлеген. Жеткізу келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры – 132,1 мың тонна. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе қажетті отынның жалпы 62 пайызы жеткізілген.

Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін облыс бойынша 1123,6 мың тонна қатты отын қажет болады екен. Бұл ретте теміржолшылар жоспарлы шараларды мерзімінен кешіктірмей орындауда. Соның нәтижесінде бүгінгі күндері облыс бойынша 695,8 мың тонна көмір немесе жоғарыда айтқандай 62% жеткізіліпті.

Дәл қазіргі күнгі деректерге сүйенсек, аймақ көлеміндегі теміржол тұйықтарында жалпы көлемі 38,3 мың тонна көмір бар екен. Ал, Қаражыра кенішінен тәулігіне ең кемі 280 вагонға көмір тиеп жөнелтілуде. Негізінен 6 200 тонналық ауыр салмақты пойыздар құрастырылады. Аймақта күздің салқыны сезілгендіктен тұрғындар қазіргі күні жаппай көмір сатып ала бастады. Тұйық желілерде кезек сезілуде. Осы орайда семейлік теміржолшылар алдағы қыркүйек айынан бастап тиелетін көмір көлемін арттыруды жоспарлап отыр. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті