Арыста 8 айында мал басу оқиғасы 8 рет орын алды

Аймақтар
04.09.2020, 11:29
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Темір жол аса қауіпті аймақ екені бәрімізге белгілі. Дегенмен оның зардаптары мен шығындарының қаншалықты зор екеніне мән бере бермейтіндер бар. Соның салдарынан адамдар орны толмас қайғы мен өзекті өртеген өкінішке тап болып жатады.

Арыс жол дистанциясы Түркістан облысының бес ауданы арқылы өтетін темір жол торабына жауапты. Еліміздің оңтүстігі халықтың тығыз орналасқан және жеке малды көп ұстайтын аймағы болғандықтан, жол бойына жағалай орналасқан ел де көп, мал да көп. Темір жолға жақын орналасқан сол ауыл халқының негізгі күнкөрісі – осы темір жол мен қорадағы ірілі-ұсақты малы. Малды қысы-жазы қолда ұстау тиімсіз болғандықтан, малдың аузы көкке іліне сала өріске жаяды. Оңтүстіктің ауа райы жаз кезінде өте ыстық болғандықтан, шөптер тез қурап сарғаяды. Сол кезде қараусыз жайылып жүрген мал темір жол маңына қарай ойыса бастайды. Темір жол қоршауының ішіндегі «мұрты бұзылмай» тұрған шөп малды «менмұндалап» шақырып тұрады. Шағын станциялардағы тұрғындардың және теміржолшылардың ары-бері өтуіне арналған өткелдер адамдардың салғырттығынан көбіне ашық қалады. Сол тұстан қараусыз мал теміржол қоршауының ішіне еніп кетеді. Сегіз сағаттық жұмыс кестесімен еңбек ететін теміржолшылар кешкі немесе түнгі уақытта қоршау ішіне кіріп кеткен мал туралы пойыз машинистері мен станция кезекшілерінен немесе жол диспетчерінен естіп, тәуліктің кез келген уақытында сол жерге жетіп, қауіпсіздікке қатер төндірген малды жолдан қууға мәжбүр.   

 «Біз өз тарапымыздан тұрғындарға ескертудей-ақ ескертумен келеміз. «Сақтансаң сақтайды» демекші, сол малды бағып, төлін, сүтін, етін сатып күнкөріс жасап жүрген тұрғындарға малдан айырылып қалудың және пойызды тоқтатқаны немесе локомотивті зақымдағаны үшін төленетін айыппұлдың да өз қалталарына ауыр тиетінін біз де түсінеміз, түсіндіріп айтамыз. Ірі қара малдан бір айырылып, одан қала берсе теміржолға келген шығынды өтеп жатса, ол мал иесіне де оңай болмайды. Бірақ соны біле тұра, ірі қара малды қараусыз қалдырып, өтпені ашық қалдырып кететіндерін біз түсіне алар емеспіз. 2020 жылдың 8 айында мал басу оқиғасы 8 рет орын алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда әлденеше есе артық», – деді Арыс жол дистанциясы бастығының орынбасары Жандос Қошбағаров.

Ал қала маңына жақын аймақтарда адамдардың пойыз астына түсіп қалу оқиғалары орын алып жатады. Теміржолдан ары-бері өтуге тек белгіленген жерлерде ғана рұқсат берілген. Теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне мүлде тыйым салынғандығы туралы да түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрғанына қарамастан адамдар пендешілікпен асығып өз өмірлерін қатерге тігеді. Сол кездейсоқ жандардың кесірінен биыл Арыс жол дистанциясында 5 рет шұғыл тежеу орын алып, бір адам өлімі тіркелген. Жалпы 2017 жылдан бері адам басу оқиғасы осымен алтыншы рет тіркеліп отыр екен. 


Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында