4 бірдей жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Аймақтар
07.09.2020, 10:09
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қатаң тәртіпті талап ететін темір жол саласында өзгелерге үлгі болмақ түгілі өздері заң бұзатындар да кездеседі. Жақында қоғамдық орынды ластаған 4 бірдей жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Биыл 23 шілде мен 30 тамыз аралығында желілік тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізіп, соның аясында жолсеріктердің жөнсіз әрекетін анықтады. Атап айтқанда, Достық станциясында өткен осы жедел профилактикалық іс-шара аясында «Достық-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсеріктері ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі, яғни ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісімен әкімшілік жауапқа тартылды. Негізі бұл акцияның мақсаты – азаматтарды қоғамдық ортаны таза сақтауға шақыра отырып, экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтау және оның алдын алу еді. Алайда қарапайым азаматтардан бұрын пойыздағы жолаушыларға жөн көрсететін жолсеріктер вагоннан шыққан коммуналдық қалдықтарды Достық станциясындағы темір жол вокзалының маңайына тастап, қоғамдық орынды ластаған. Осы әрекеттері үшін жолсеріктерге 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Тексеру барысында бұл жолсеріктердің Нұр-Сұлтан қаласының 1968, 1971,1976, 1990 жылғы тұрғындары екені анықталды. 

Жалпы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті және оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында жыл басынан бері 27 506 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 556 фактісі болған.  

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында