Стратегиялық нысандар қайта жарақтандырылуда

Аймақтар
08.09.2020, 11:45
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей электрмен жабдықтау дистанци- ясы биылғы жазды ка- рантиндік шектеулер- ге қарамастан қауырт жұмыспен өткізді. Аталмыш ұжым – күллі Шығыс аймағына, яғни Семей және Защита өңірлеріне қатар қызмет көрсететін бірегей мекеме.

Электрмен қамту мекемесі, яғни ЭЧ-18 тарапынан желі бойында жүйелі жұмыс жүргізілді. Мекеме басшылығының айтуынша, ағымдағы жылы дистанцияға қарасты әуе желілерінің 20 шақырымынан көбі ауыстырылып, желі бойындағы тіректер қайта жаңартылған. Алдағы уақытта да құрылғылар мен нысандарды қысқа даярлау шаралары қарқынды түрде жалғаспақ. Осы бағыттағы жұмыстар қар түсіп, қатқақ орнағанша, қараша айына дейін жалғасатын болады. Қазіргі күндері дистанцияға қарасты трансформаторлық пункттерге тексерулер жүргізілуде.

Биылғы жаздағы қауырт шаралар қатарына аймақтағы стратегиялық маңызы бар нысандарға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын да қосуға болады. Атап айтсақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қайта жаңғыртылған Семей вокзалының электр желілері мен шамдарын ЭЧ-18 мамандары қайта ауыстырып шықты. Аталмыш нысан НЖС-6 бөлімшесі тарапынан шаруашылық тәсіл бойынша күрделі жөндеуден өткізілген еді.

Ал, қазіргі күні электр монтерлары күрделі жөндеу шаралары аяқталуға жақын қалған Ертіс үстінен өтетін теміржол көпірінің ескірген желілері мен жарық-диодты шамдарын жаңалау үстінде. Осыдан бірер апта бұрын басталған бұл жұмыстар санаулы күндер ішінде аяқталмақ. Негізгі күш осы нысанға жұмсалғандықтан, Дегелең станциясына жіберілетін қосымша бригада Семейде қалып, Түрксібтің төл туындысын жарықтандырып жатыр. Жалпы ұзындығы 624 метр болатын алып көпірдің темір конструкциялары арасынан өтетін электр құрылғысын жаңалаудың өзіндік машақаты әрі техникалық қауіпсіздік бойынша қатаң тәртібі де бар. 

– Бүгінгі күндері теміржол саласына, оның ішінде электрмен қамту ісі бойынша өндіріске тың жаңашылдықтар көптеп енгізіліп, жаңа құрылғылар мен аспаптар қолданысқа берілуде. Мұндай игіліктер бойынша біздің дистанциямызда да жетістіктер мол. Биылғы жылдың үлесінде де атқарылған іс көп. Мәселен, жоғары вольтті вакуумды қосқыштар орнатылды. Осыған дейін Аягөз, Шар, Семей станциялары бойынша аталмыш жаңа құрылғы жұмыс істеп келсе, биылғы жылы оның қатарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Жаңғызтөбе мен Семей сынды жолаушылар нөпірі аса мол теміржол бекеттері қосылды. 

Бұған қоса жарық-диодты шамдар алынып, бірқатар іргелі станциялар да жаңартылды. Мұның барлығының қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда берері мол, – дейді ЭЧ-18 мекемесінің басшысы Нұрлан Әзімханов. 

Электрмен қамту саласында ұзақ жылдар бойғы тәжірибесі бар әрі династиялық әулет өкілі саналатын басшының айтуынша, ұжымның 30 пайыздан астамын жастар құрайды. 

Дегенмен осындай қарбаласқа толы мезгілде электр монтерларының қажеттілігі сезілуде екен. Қазіргі таңда ұлттық компания тарапынан қажетті қаржы мен материалдар, құрал-жабдықтар, аспаптар жеткілікті түрде бөлінуде. Сол себептен Дегелең, Жаңғызтөбе, Шемонайха, Серебрянка сынды шалғай станцияларда да қызмет көрсететін, жоғары вольтты желілермен жұмыс істеуге рұқсаты бар арнайы мамандар керек. 

Ал ескірген электр желілерін жаңалау кезек күттірмейді. Дегенмен, ЭЧ-18 ұжымы жоспарлы шараларды межелі мерзім ішінде толықтай тәмамдап үлгеруде. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті