Теміржол өткелінде сынған трактор бір сағатқа жолды жапты

Аймақтар
15.09.2020, 11:44
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында теміржол өткелінен өтіп бара жатқан трактор сынып, бір сағатқа жолды жапты. Оқыс оқиға 9 қыркүйек күні сағат 21.05-те болған. 

Аққайың аудандық полиция бөліміне Қиялы мен Смирново елді мекендерінің арасындағы «Жаңажол» теміржол өткелінде К-700 тракторының сынып тұрғаны жайында хабар түседі. Аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің 38 жастағы тракторшысы екі тіркеме бидайды аудан орталығына апара жатқан. Алайда теміржолды кесіп өткен кезде тіркемесінің бірінің артқы доңғалағының осі сынып кеткен. Соның салдарынан сынған ось өткелдің резеңке жабындысына кіріп, трактордың қозғалуына кедергі келтірген. 

– Теміржолдың дәл осы учаскесі арқылы жолаушылар пойызы жиі өтеді. Сол себепті тез арада жолды босату қажет болды. Теміржолшылар, шаруашылық жұмысшылары К-700-ді сүйреп шығарып жатқанда, тәртіп сақшылары жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалады. Сағат 22.10 минут кеткенде трактор жолдан алынды, ал 15 минуттан кейін ол жерден еш кедергісіз «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы өтті, – дейді желілік тәртіп сақшылары.

Теміржолшылар өткелдегі зақымдалған резеңке жабындыны ауыстырды. Ал тексеру барысында К-700 тракторы жүргізушісінің көлікті басқаруға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты. Тәртіп сақшылары оған теміржол өткелін зақымдағаны үшін әкімшілік іс жинап, материалды сотқа беруге әзірлеп жатыр. 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?