Айыппұл төлеуде

Аймақтар
24.09.2020, 17:29
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнайлы аймақта мұнай өнімдерінің тасымалдану көлемінің азаюы темір жол арқылы жүзеге асырылатын өңірдегі жүк тиеу-түсіру көлеміне әсер етпей қоймайды. 

Мәселен, Құлсары станциясынан сұйытылған газ, пропан-бутан, Қарабатан станциясынан түйіршіктелген күкірт тиелген цистерналардың экспортқа мерзімді уақытта жіберілмеуі өткен 8 айда жүк жөнелту көлемінің азаюына себеп болды. Соның себебінен, әрине, вагондардың игерілмей қалуы орын алуда.

Алайда, жүк жөнелтуші компаниялардың вагондарды игермеуіне сәйкес, келісімшарт талабына орай олардан айыппұл өндіріліп отырады. Мысалы, биылғы жылғы 8 айда Құлсары станциясынан 3721 вагон/129447 тонна сұйытылған газ бен пропан-бутан өнімдерін, 988 вагон химикатты игермегендігі себепті «Теңізшевройл» кәсіпорнынан 7347860 және 3662276 теңге, Теңдік станциясынан «БатысТранс Групп» ЖШС мұнай өнімдеріне тапсырыс берген 8511 вагонды игермегендігіне сәйкес 34496405, 930 вагон химикат үшін 3799110 теңге айыппұл өндірілсе, жүк жөнелтуші «Парк хранения сжиженного газа» ЖШС-нан 648 вагонды игермегендігі үшін 2676785 теңге, сол секілді Қарабатан станциясынан «Тенгизская Транспортная Компания», «Исткомтранс» ЖШС-нан да химикатқа берілген 420 вагонды игермегендігі себепті 1738710 теңге айыппұл өндірілген. «Әрине, айыппұлмен мәселе түбегейлі шешілмейді, сондықтан да біз жүк жөнелтушілермен қарым-қатынасымызды нығайтып, мұнай мен мұнай өнімдерін темір жол арқылы уақытылы тасымалдауына жұмыстанып жатырмыз» дейді Атырау жол бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан. 

Жүкжөнелтушілердің жүктен бас тартуына зауыттардың жөндеу жұмыстарына тұрып қалуы да ықпал еткен. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауытының 16 наурыз бен 17 сәуір және 1 шілде мен 31 тамыз айларында тұтастай екі айға жоспарлы жөндеу жұмыстарына тұруы, ТШО зауытында газ тазалау қондырғысының жөндеуге тұруы мен «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» зауытында күкірт конвейерінің сынып қалуы мұнай өнімдері тасымалының кемуіне, вагондардың игерілмеуіне, бос қалуына себепші болды. 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?