Маңғыстауда «Абайлаңыз, пойыз!» атты жедел қауіпсіздік акциясы өтті

Аймақтар
28.09.2020, 16:41
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында «Абайлаңыз, пойыз!» атты жедел профилактикалық қауіпсіздік акциясы өтті. Ісшара аясында ұйымдастырушылар балаларға, кәмелетке толмаған жастар мен ата-аналарға, мектеп мұғалімдеріне түсінік жүргізді.

Аталған алдын алу жұмыстарын Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесі өткізді.

Олар кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта қыдыруына жол бермеуге қатысты Маңғыстау станциясына жақын орналасқан білім ошақтарында кездесулер өткізді. Сонымен қатар теміржолдың қауіпті аймақ екені және одан өту ережелерін түсіндірді. Жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау мақсатында да тиісті шаралар жүргізді.

− Мектептердегі «Абайлаңыз, пойыз!» шарасы кезінде темір жол арқылы белгіленген жерлерден өту керектігі айтылып, кез келген жерден кесіп өтудің салдары түсіндірілді. Мұндай жағдай кездессе, қандай жауапкершілікке тартылатындығы да ескертілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылық жасауға тартқан адамдарды анықтау, балаларының жүрістұрысына салғырт қарап, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды құқықтарынан айыру және шектеу шаралары туралы ескертілді. Мұндай үлгідегі жұмыстарымыз станцияға жақын мектептерде пандемияға қатысты сақтық шараларын сақтай отырып шағын дөңгелек үстел, дәрістер, оқушылармен пікір алмасу түрінде әлі де жалғасуда.

Барған жерлерімізде бөлімшемізде Маңғыстау облысы бойынша және Бейнеу станциясындағы ЖПб кезекші бөлімінде теріс криминогендік ықпалы бар адамдарды, құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға және басқа да қылмыстық ісәрекеттер бойынша арыз-шағым қабылдауға штабтар құрылып, қызметкерлер бекітілгенін хабарлаудамыз, – дейді Маңғыстау станциясы Желілік полиция бөлімінің инспекторы Дәурен Жақсылықов

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?