Күздегі күрделі жөндеудің 42% аяқталды

Аймақтар
06.10.2020, 16:42
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстаудағы Шетпе станциясы мен №13 бекет аралығында қыркүйек айының 19 күні басталған күрделі жөндеудің 42 пайызы аяқталды. 

 Мердігер компания – «Теміржол жөндеу» ЖШС-не қарасты «Ақтөбе» ПМС мекемесі күрделі жөндеуді жалғастыруда. Мекеме директорының орынбасары Данияр Майасаровтың айтуынша, бұл телім бойынша барлығы 13 км жолды күрделі жөндеу жоспарланған. 

Қазір соның 6,200 шақырымы бойынша жұмыстар бітті.

– Аталған телімдегі шпал, рельс, жер төсемі, бәрін жаңартып жатырмыз. Ағаш шпалдарды 736 темір-бетон шпалмен ауыстырамыз. Қиыршық тас Біршоғырдан жеткізілуде. Материалдық базамыз Бейнеу станциясының басында тұр. Күнде түсте 12-00-ден кешкі 20.00-ге дейін 8 сағаттық толаскез кезінде жол жөндеуге кірісеміз. 

Бұл – Маңғыстау ЖТ бөлімшесі басшыларының берген уақыты. Себебі осы аралықта аталған телімде пойыздар қатынасы сирек екен, – дейді мердігер мекеме өкілі. 

Күзгі күрделі жөндеуді жүргізіп жатқан мердігер компанияның 120 адамы арнайы 7 вагонмен Шетпе станциясына келіп тоқтаған. Олар шамамен қазан айының 17-не таман күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтамақ. 

Жұмысшылары 20 күн сайын ауысып отырады. Жалпы «Ақтөбе» ПМС мекемесіне биылдыққа барлығы 56,400 км жолды күрделі жөндеу жүргізу жүктелген. 

Ал жөнделген жолдардың сапасын Маңғыстау жол дистанциясы мен Магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары қарап, қабылдап алуда. Олардың айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Бейнеу бағытындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы бекітілген кесте бойынша ұйымдастырылған. 

Ақтау қаласына өте қажетті жүктер мен тауарлар, атап айтқанда азық-түлік, дәрі-дәрмек, құрылыс және жанармай материалдары уақытылы жеткізіліп тұр.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?