Кемшілікті жіпке тізген жиын

Аймақтар
20.10.2020, 19:58
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойын- ша күзгі комиссиялық тексе- ру жұмыстарының нәтижесін талқылаған кеңес болып өтті. Оған барлық станциялар мен бөлімдер басшылары, шаруашылық ревизорлары түгел қатысты. 

Жиынды ашқан бөлімше басшысы Сиязбек Әлішев қыркүйек айының 14 мен 30 аралығында өткен күзгі байқау жайлы сөз қозғап, орын алған олқылықтардың себептері және оларды жою бойынша кешенді шаралар қатарын қабылдау керектігін жеткізді. Бөлімшенің бас ревизоры Темірбек Ақшалов комиссиялық тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер жайлы кеңінен баяндама жасады. Белгілі болғанындай байқауда пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне өрескел түрде қауіп тудыратындай ақаулықтар байқалмаған. Алайда, шаруашылық ревизорларының көңілі толмайтын бірқатар мәселелер бар. Атап айтсақ, шалғай станциялардағы кейбір мамандар соңғы өткізілген техникалық дәріс бойынша қойылған сұрақтарда мүдірген. Осының өзі қозғалыс және вагон пайдалану шаруашылықтары басшыларының жиын барысында орындарынан тұрып жауап берулеріне себеп болды. 

Сала жетекшілерінің айтуынша, бұл кемшілік карантиндік шектеулер кесірінен орын алған. Сондықтан да аталған станциялар бойынша қосымша жұмыс жүргізіліп, олқылықтар көп ұзамай жойылатын болады. Ол бағыттағы шараларды жауапты мамандармен бірге депо басшыларының өзі қатаң назарға алмақ.

Сонымен қатар, жол шаруашылығы бойынша бірқатар мекеме өкілдері сын естіді. Бұл ретте шаруашылық ревизорлары орын алған кемшін жұмыстарды ретімен тізбелеп берді. Мәселен, кейбір телімдер бойынша рельстер аралығында қаулап өскен шөптесін өсімдіктер жойылмаған. Ал, бұл жайт қысқы мезгілде жауған қарды одан әрі қалыңдатып, қозғалысқа кедергі келтіреді. Осы орайда ЖаңаСемей жол дистанциясының жолшылары алғашқы қар түскенге дейін жұмыс жүргізіп, жолды тазалау керектігі тапсырылды. 

Сонымен қатар, шығыс аумақтағы кейбір жекелеген станциялар бойынша жарықтандырылу нашар екені айтылып, тез арада теміржолшылар үшін қолайлылықты арттыру керек деп шешілді. 

Жиын барысында сөз алған Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов алдағы уақыттағы атқарылар шаралар қатарына да тоқталды. Яғни, ендігі аралықта жолшылар телімдік жұмыс жүргізуге көшетіндіктен жауапкершілік жүктемесі арта түспек. Әсіресе, қысқа даярлық бойынша атқарылар шаралар ауқымы арта түспек. 

Талқылау жиынында бөлімше басшысы Сиязбек Әліпбайұлы жауапты мекемелер мен станциялар басшыларына өткір сауалдар қойып, орын алған кемшіліктердің себеп-салдарына жіті үңілуге шақырды. 

Кемшілікті жіпке тізген жиын соңындағы хаттамаға сәйкес бірқатар басшыларға сөгіс жарияланды. 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті