Бірталай кемшіліктің беті ашылды

Аймақтар
25.10.2020, 11:58
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде күзгі комиссиялық тексеру қорытындысы қаралды. Онлайн түрде өткен қорытындылау жиында қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік-техникалық ғимараттар жағдайы бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер анық айтылды.

Жиынға барлық құрылымдық бөлімшелер басшылары мен жауапты мамандар қатысты.Тексеру комиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Дархан Құланбаевтың атап өткеніндей, тексеру барысында станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралған. Өткен 9 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау, өндірістіктехникалық ғимараттардың жағдайы бойынша барлығы 1469 кемшілік анықталған, бұл көктемгіге қарағанда әлдеқайда аз.

Тексеру барысында анықталғанындай, барлық станция ларға тән дерлік кемшілік – тиісті нормативтік құжаттардың дұрыс толтырылмауы, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау бойынша техникалық оқулардың, білім тексеру кестелерінің болмауы, бағыттамалы бұрмалар ақаулығы, жұмысшының жеке тәртібі, білімі мен білігі, жауапкершілік мәселелері.

Станцияларда жеке қорғаныс құралдары жоқ, противогаздар ескірген. Еңбек қорғау бұрыштарын да жаңарту қажет. ЭЦ посттарында жылу жоқ.

Құжаттамаларды толтыруда қателіктерге жол беріледі, өндірістік қауіпсіздік журналында ескертулер жазылмай қалып жатады, аптека-қобдишаларда мерізімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер болмауы тиіс. 

Жол дистанцияларында жолды және бағыттамалы бұрмаларды күтіп-ұстау бағытындағы кемшіліктер кесірінен пойыздар жүруге тыйым салу және маневрлік жұмыстар жасау үшін жолды жабу мен жылдамдықты шектеу оқиғалары орын алған. Белгі беру және байланыс дистанциялары бойынша электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеру, техникалық құралдарды күтіп ұстау бағытындағы кемшіліктер бар. Электрмен жабдықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесіне баса көңіл бөлу қажет. Атырау вагон пайдалану депосына, жалпы барлық техникалық қызмет көрсету пункттеріне вагондарды жөндеуде жауапкершілікті арттырып, техникалық құралдардың сапасына көңіл бөлу қажеттігі ескертілді. Вагон қараушылар тарапынан вагондарға техникалық қызмет көрсетуде ақауды анықтау мен түзету дұрыс орындалмайды, станцияларда вагондарды қайта бақылау-тексеру кезінде кемшіліктер кездеседі. Негізінен тежегіштің пневматикалық және механикалық жабдықтары, тежегішті реттеу, қолмен тежегіштің дұрыс жасамауы сынды кемшіліктер. Бұлар өндірістік-техникалық жөндеу кезінде қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагонқараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз, соның кесірінен ағымдағы жөндеу жасауға мүмкіндік жоқ. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда. 

Локомотив пайдалану деполарында тепловоздарды қосалқы бөлшектермен қамту қажет, онсыз техникалық қызмет көрсетуге нұқсан келеді.

Машинист-нұсқаушылар, депо бойынша кезекшілер және локомотив бригадаларымен техникалық сабақтар мерзімді өтпей қалады. Соның әсерінен локомотив бригада мүшелері қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарға төмен білім деңгейін көрсеткен. 

Жиын соңында құрылымдық бөлімше басшыларының баяндамасында айтылған кемшіліктер ескеріле отырып, тексеру қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, соның ішінде локомотив және вагон пайдалану депосы басшыларына локомотив бригадаларын нұсқаулықтан өткізу сапасын, станцияларда вагон қарау сапасын арттыру, вагон пайдалану депосында жоспардан тыс практикалық түрде техникалық сабақтар ұйымдастыру, ЭЦ посттарын көмірмен, жылумен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі бойынша кемшіліктерді жөндеп, нормативтік құжаттарды қалыпқа келтіру, т.б. Барлық басшыларға күзгі тексеріс қорытындысында кеткен олқылықтарды түзеп, қадағалау тапсырылды. 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?