Шымкентте 13 вагон рельстен шығып кетті

Аймақтар
26.10.2020, 19:30
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон рельстен шығып кетіп, апатты жағдай орын алды. Оқиға 24 қазанға қараған түні сағат 2.31-де болған. Төтенше жағдай Шымкент станциясының №117 бағытында болды. 

Абырой болғанда қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Орын алған апат салдары пойыздар қозғалысына да әсер еткен. 5 жолаушы және 10 жүк пойызы кідірген. Оқиғаның себептері мен шығынын Төтенше жағдай министрлігінің мамандары мен теміржолшылар анықтауға кірісті.

Аударылып, шашылып қалған вагондарды жинап, апатты жойып, жолды қалпына келтіруге Шымкент, Арыс және Тараздан үш бірдей қалпына келтіру пойыздары келіп жетіп, тағы да 200 теміржолшы жұмылдырылды. Бұдан бөлек, оқиға орнында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеді. Олар ең бірінші кезекте жолды босатып, тоқтап қалған пойыздардың қозғалысын қалпына келтіруге күш салды. Жұмыс бір минут та тоқтаусыз жүрді. Нәтижесінде 24 қазан сағат 13.00-ге 1 жолды ашып, пойыздарды өткізе бастады.

Оқиғаға байланысты түсініктеме берген «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, вагондардың жолдан шығуы себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Ресми мәлімдемеде «2020 жылдың 24 қазанында 1 сағат 35 минутта Шымкент қаласында «Кедентранссервис» АҚ кірме жолымен шығып бара жатқан бос контейнерлер тиелген 21 вагонның 13-і жолдан шығып кетті.

Тараз станциясы бағыты бойынша пойыздарды өткізу ауқымы жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде»

делінген.

Оқиғаның салдарынан жүк пойыздары мен жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылды. Қозғалысы 1 сағат пен 9 сағат аралығында кешіктірілген жеті жолаушы пойызында 1393 жолаушы болған. Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін жергілікті атқарушы органдар 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды.

«Шымкент, Арыс және Тараз станцияларынан қалпына келтіру пойыздары дер кезінде көмекке келді. Бөлімшеге қарасты ПЧ, ЭЧ, ШЧ мекемелерімен қоса Қорғасын, Қазығұрт, Қызылсай станциясында еңбек ететін 200-дей теміржолшы қалпына келтіру жұмыстарына атсалысты.

Теміржолшылардың жұдырықтай жұмылған еңбегінің арқасында тоғыз-он сағатта қозғалыс қалпына келтірілді», – деп түсініктеме берді Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Ильяс Нұржанов. 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?