Атырауда мамандар бірнеше күрделі ақаулы вагондарды анықтады

Аймақтар
21.05.2021, 11:37
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау – барлық теміржолшыларға ортақ міндет. Жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Атырау вагон пайдалану депосында қауіпсіздікке нұқсан келтіретін ақауды дөп кезінде байқаған мамандар анықталды. Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша олар бірнеше күрделі ақаулы вагондарды анықтап, құрамадан ажыратқан. 31 желтоқсан күні Атырау станциясының 9-шы жолында вагон қараушы Б.Қисықов вагонның бүйір рамасының жарылғанын байқаған. Вагонның меншік иесі Ресей, ақаулы вагон құрамнан ағытылып, жөндеуге қойылған. Жалпы, жұмысына адал Б.Қисықов бұған дейін де бірнеше рет ақау тауып, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған болатын. Осындай ақауды 3 және 6 қаңтарда Теңдік станциясының вагон қараушылары Е.Қарабаев пен Ж.Тауланбаев та анықтап, болуы мүмкін апаттың алдын алған.

«Жалпы, Атырау, Ақжайық, Теңдік, Мақат, Махамбет станцияларындағы вагон қараушылардың қырағылығы, өз істеріне адалдығын ерекше атап өтуге болады. Жыл басынан бері станцияларда ондаған ақау анықталып, апатқа жол берілмеді» дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік инженері Ф.Қазжанова.

Сөз жоқ, олардың өз міндеттеріне адалдығы мен жұмысқа сергек қарауы арқасында анықталуы қиын ақаулар табылып, пойыздар қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келмеді. Сол себепті вагон қараушылар Б.Қисықов, Е.Қарабаев, Ж.Тауланбаевтарды ақшалай сыйақыға, ал А.Оңайбаев, Б.Мұстафаев, С.Сәрсенғалиев, А.Бейбітов, А.Таңатаров, Е.Хатапов, Н.Оңайбаев, К.Қожахметов, Д.Дінқуатов сынды үздік вагоншыларды «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапаттау жөнінде бөлімше басшылығымен ұсыныс енгізілді. Әрине, күндіз-түні станцияларға ағылып келіп жататын ва- гондардың дұрыс-бұрыстығын тексеріп, ақау тауып, оларды жөндеуге жіберу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан вагон қараушылар қандай марапатқа да лайық.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?