Автотежегіштер тақырыбына арналған конференция өтті

Аймақтар
08.06.2021, 13:19
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сексеуіл локомотив пайдалану депосы автотежегіштер тақырыбына арналған конференция өткізді. Іс-шара барысында автотежегіш жабдықтары бойынша орын алған оқиғалар мен жеделхаттар таныстырылып, үздік локомотив бригадалары марапатталды. Тежегіш жабдықтарында кездесетін кемшіліктер мен ақаулардың алдын алу жайы көтеріліп, шешімін таппай жүрген сұрақтар ортаға салынды. Сексеуіл локомотив пайдалану депосының бастығы Жангелдин Түрединов автотежегіш жұмысындағы кемшіліктер, олардың алдын алу және сапарда кездесетін олқылықтарды тездетіп жою жұмыстары жөніндегі мәселелерді бірге талқылауға шақырды. Аға машинист нұсқаушының міндетін атқарушы Асылхан Ибрагимов 2020 жылдың соңғы айлары мен 2021 жылдың мамыр айы аралығында «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС көлемінде және осы Қызылорда жол бөлімшесі аумағында тежегіш жабдықтары кемшіліктерінен болған пойыздар қозғалысындағы кедергілерді мысалға келтірді. Алдын алу мақсатында техникалық жабдықтарға қызмет көрсету кезінде барынша мұқият болып, қызметкерлердің сапалы жұмыс жасауына бақылауды күшейте түсу қажеттігін айтты. Ал оқыту жөніндегі нұсқаушы Мұхтар Игіліковтің айтуынша, тежегіш туралы конференцияны өткізудегі басты себеп – осы жабдықтардың ақаусыз жұмыс жасап, кемшіліктердің алдын алуға атсалысуға шақыру. – Тежегіш жабдықтарының өз деңгейінде ақаусыз жұмыс жасауы осы жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуші вагон және тепловоз жөндеушілер, сонымен қатар оны пайдаланатын локомотив бригадаларының білімі мен тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан кәсіби білімді ұдайы жетілдіріп, қиындықтан шығу жолдарын білуге ұмтылуымыз керек және кез келген кемшілікті кішкентай деп елеусіз қалдыруға болмайды. Себебі ол үлкен оқиғаның туындап кетуіне себеп болады. Тепловозды құрамға тіркеу кезінде тежегішті пайдалану жөніндегі №1109-ЦЗ бұйрығының 57-тармағына сай вагон қараушы құрам басында болып, бірінші вагонның автотіркегішінің жарамдылығына, ондағы ағытқыш механизм рычагының дұрыс тұрғанына көз жеткізуі керек. Сол қызметкердің бұйрығымен машинист тепловозды  жайлап 3 шақ/сағат жылдамдықтан асырмай келіп тіркейді. Машинист автотіркегіштің дұрыс тіркелгеніне көз жеткізу мақсатында жүк құрамаларында тепловозды кейін қарай қозғалтып, тартып көруі тиіс , – дейді М.Игіліков. Жасыратыны жоқ, кейінгі кезде жолда құрамаларда тежегіш жабдықтарының ақаулықтары жиі кездесетін болып жүр. «Әсіресе ауа бөлгіш ақаулықтары жиі кездеседі. Әрине бұған вагон жабдықтарының көнергендігі, кепілдік мерзімі ұзарғандығы себеп деген уәж бар. Сондай кезде қиындықтан тездетіп шығу үшін №665 ЦЗ бұйрығына сай техникалық қобдишаны пайдалану керек. Қазіргі таңда өзге деполардан келген тепловоздарда осындай қобдишалар мен құрал-саймандар толық емес. Одан бөлек ақаулы ауа жеңдерін алмастыру кезінде қиындықтар туындап, кемшілікті жою уақыт алады. Сондықтан өзге бөлімшелердегі нәтижелі жұмыстарды ескере отырып, техникалық қобдишаны құрама тежегіштерін тексеруді жүргізу кезінде вагон қараушылардың өздері беріп, қызмет көрсету аумағында алып қалып отырса жөн. Бұл бір жағынан аталған қобдиша бөлшектерінің жоғалмай, сол күйінде ұзақ сақталуына да септік етеді», – дейді оқыту жөніндегі нұсқаушы. ВЧД-60 нұсқаушысы Дастан Қарабековтің айтуынша, қазіргі таңда вагон шаруашылық мекемелеріндегі құрамалардың жолда тежегіш жабдықтары ақаулықтарынан тоқтауы өткен жылмен салыстырғанда 2-ге көбейген. Оған негізінен ауа бөлгіштердің ішкі ақаулықтарынан тежегіштің ұстап қалуы, босатпауы себеп болып отырғанын тілге тиекетті. Сонымен қатар ол жолда кездесетін қиындықтардан шығу кезінде локомотив бригадалары тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, оларға алғыс айтты. Дегенмен кей жағдайда ақпарат дұрыс берілмей, болған жайдың нақты анықтап алмай айтылуы салдарынан құрамаларға берілетін көмектің кештетіп жететінін де жеткізді. Сол себепті ол локомотив бригадаларын ақпаратты беру кезінде барынша мұқият болуға шақырды. Ал Сексеуіл вагон пайдалану депосы ТҚКҚ басшысының міндетін атқарушы Болат Дербісов кемшіліктерді анықтауда және оларды жоюда әлі де атқарылатын жұмыстар бар екенін, сондықтан техникалық сабақтарды барынша толық өткізіп, бірлесіп жұмыс жүргізу қажет екенін айтты.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?