Теміржолшылар вакцина алу жұмыстарын жылдамдатуда

Аймақтар
16.06.2021, 15:05
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда облысы бойынша эпидемиялық ахуал бұған дейін тұрақтанғандай көрінгенмен, аймақтың «қызыл зонадан» шығарылғанына да көп болған жоқ. Дегенмен теміржолшылар ауырмаудың бірден бір жолы – вакцина алу жұмыстарын жылдамдатуда. Дәрігерлік құзырлы органдардың мәліметінде өткен тәуліктегі жағдайда облыс тұрғындарынан 76 адамның ковид дертіне шалдығып, арнайы ем алып жатқаны айтылды. Демек, жағдай тұрақтанды дегенмен, қауіп сейілген жоқ, сондықтан індетке қарсы вакцина алу соңғы кезде жаппай науқанға ұласты. Бүгінгі күнге дейін жалпы Қызылорда ЖТ бөлімшесі теміржолшыларының 46 пайызы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі еңбеккерлерінің 34,9 пайызы covid-19 пандемиясына қарсы вакцина салдырып үлгерді. Бұл жайында бөлімшенің кадр бөлімінің басшылары Жанар Ибрагимова мен Айдана Итемгеновалар мәлімдеді. Бөлімшедегі Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану депосы мен Қазалы вагон пайдалану деполарының теміржолшылары індетке қарсы вакцинаны тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігерлік мекемелерден алуда екен. Жалпы бөлімше бойынша, тіпті компания бойынша қызылордалықтар індетке қарсы егуде алдыңғы қатарда келе жатқаны байқалады. Бүгінгі күні бөлімшенің 52,5 пайызы, яғни жалпы штаттағы теміржолшылардың жартысынан астамы вакцинаның екі компонентін салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастырған. Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосынан 355 адам, яғни 86,8 пайызы вакцина салдырған. Бөлімшенің станция мен бекеттерінде вакцина алуға ниет білдірген ұжымдарға барлық қолайлы жағдай жасалып отыр.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда