Теміржолшылардың еңбек қорғау жағдайларын жақсарту үшін бір мың теңге жұмсалған

Аймақтар
16.06.2021, 17:35
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда жол дистанциясында еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бағытында кешенді жұмыстар жоспарланып, іске асырылуда. Дистанцияның еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік инженері Майра Бадрақова атқарылып жатқан жұмыстар ең алдымен теміржолшылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталғанын білдірді. Үстіміздегі жылы дистанция теміржолшыларының қажетті тұрмыстық және еңбек қорғау жағдайларын жақсарту үшін кешенді іс-шара жоспары бойынша 16915,0 теңге бөлінген болса, 5 ай ішінде 1066,0 теңге көлеміндегі қаражат мақсатты жұмсалған екен.

– Өткен жылы дистанция жұмысшылары жүз пайыз қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етілді және де биылғы жылы да маусымдық киімдермен қамту жұмыстары атқарылуда. Еңбеккерлерді өндірістік жұмысқа қажетті киім-кешекпен, құрал-сайманмен қамтып, оларға қажетті жағдай жасау жыл сайын жүргізілетін шара болғандықтан биыл да бұл жұмыстар ретімен жүзеге асырылуда. Дистанция теміржолшылары үшін жыл басынан бері 21 түрлі маусымдық арнайы киімге тапсырыс беріліп, мерзімі бойынша тапсырыстың орындалуына тиісті барлық шаралар, яғни тапсырыс берілген заттарды жеткізіп беру, тапсыру-орындау құжаттары рәсімделгендіктен жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы дистанция теміржолшыларының еңбегі мен қауіпсіздігі қатаң бақылауда, – дейді дистанцияның еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік инженері Майра Бадрақова.

Жол дистанциясының телімдерінде, жұмысшыларға арналған жұмыс орындарында, қызметтік ғимараттарда 393 киім шешетін гардероб, жуынып-шайынатын 26 душ, 43 қолжуғыш, 42 киім кептіретін шкаф бар. Биылғы жылдың басынан бері дистанцияның өндірістік телімдерінде адамдардың пойызға басылу деректері орын алған жоқ. Дегенмен осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін дистанциялықтар жолға технологиялық талаптарға сай күтім жасап, темір жолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен, оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мәселен, олар жыл басынан бері 2581 адам қатыстырылған 89 жиын өткізген. 31 оқу орнында 4050 оқушыға теміржолдың аса қауіпті аймақ екені түсіндірілген. ЖІІб өкілдері мен ӘТЖ күзет сарбаздарымен бірігіп 46 рет рейд өткізілген. Темір жол бойындағы жаяу жүргіншілер өтетін өткелдер бойындағы 12 ескерту белгілері жаңартылған. Дистанцияда жолшылардың жұмыс орны талапқа сай болуы үшін белгіленген тәртіп бойынша аттестациядан өткізіліп тұрады. Биыл бекітілген жоспар бойынша 6 жұмыс орнын аттестациядан өткізу жоспарланып, әзірлік жұмыстары жасалуда. Бекітілген келісім бойынша осыған дейін денсаулыққа зиянды және ауыр жұмыс жасайтын дистанция жолшыларына сүт беріліп келсе, биылдан бастап сүттің орнына құрамында 15 түрлі витамин қоспасы бар кисель берілуде. Осы уақытқа дейін бұл шырынның 442 қорабы жолшыларға үлестірілген. Жолшылардың техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарын қатаң сақтауы үшін дистанция басшылығы мен еңбек қорғау инженерлері тарапынан үнемі инспекциялық тексеру, бақылау жұмыстары мен техникалық сабақтар тұрақты жүргізіледі. Орын алған тосын жағдайлар қайталанбау үшін кезектен тыс пысықтау сабақтары да ұйымдастырылады. Техникалық сабақ өткізудің кестесі қазіргі карантиндік талаптарға сай өткізіледі.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?