Мал басу оқиғасы өршіп тұр...

Аймақтар
16.06.2021, 19:59
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі жаз мезгілінде далада қараусыз мал өріп жүр. Биылғы жылдың бес айында өңірде жүк және жолаушы пойыздарының мал басу оқиғасы 30-ға жеткен. Әсіресе, сиыр, түйе, жылқы малдары жол бойында жортып жүріп ажал құшуда... Амал не, теміржолдың қауіпті аймақ екенін біле тұра пойыз астынан өтетіндер, малды жол бойына жаятындар азаяр емес. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі қауіпсіздік инженері Ф.Қазжанованың айтуынша, биылғы жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзу, адам басу, жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. «Жолда – адам» ережесіне сәйкес теміржолдан рұқсат етілмеген жерден өту бойынша алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Аталған тақырыпта елді мекендер мен мектептерде жиналыстар өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланған. Соған қарамастан жаяу жүргіншілер өткелі бола тұра, адамдар рұқсат етілмеген жерден және пойыз астынан өтуді тоқтатпай отыр. Әсіресе қауіпті саналатын жерлер Атырау-Махамбет, Махамбет-Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, Құлсары-Шоқпартоғай, Жантерек-Мұқыр-Сағыз, Ганюшкино-Атырау аралықтары екен. Аудан әкмдеріне малды теміржол бойына жаймау бақташы қою, мал иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізу жөнінде талай хаттар да жазылып жатыр, бірақ нәтиже көңіл көншітерліктей емес. Мал бағу ережелері туралы мыңдаған адамға үзінді көшірме берілсе де, өткен бес айда төрт түліктің кесірінен жүріп келе жатқан пойызды 134 шұғыл тоқтату орын алған. Былтыр осы мерзімде 150 шұғыл тежеу орын алып, мал басудың 11 оқиғасы тір келген болатын. Сегіз малдың иесі табылып, оларға әкімшілік жаза қолданылса, қалған үшеуінің иесі ақыры таптырмай кеткен. Ондай жағдайда шұғыл тежеудің шығынын «ҚТЖ» АҚ өтеуге тиіс. Сондықтан бұл жерде мал иелері мен жергілікті әкімдікті шығынды төлеуге міндеттеуді заң жүзінде бекітудің қажеттігі туындайды. Атырау магистарльдық желі бөлімшесінде жыл сайын жол дистанцияларының өз күшімен теміржол бойын малдан оқшаулау, қоршау, яғни тосқауыл-шарбақ салу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2015 жылдан бастап Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол дистанциялары бойынша жолдарға мал өтпейтін шарбақ салу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. Бүгінде 224 шақырымда қоршау бар, ол барлық ұзындықтың тек 27 пайызы ғана. Былтыр бөлімше қаражатына мал иелеріне 1000 дана жарықшағылдырғыш таратылған. Оның көмегі сол, түнгі уақыттарда мал мойнына байланған жарықшағылдырғыш машинистерге жарық беріп, алыстан көрініп тұрады. Мал басудан қорғайтын осындай шаралар орындалып жатыр, әйтсе де, мал иелері жауапкершілікті сезінуі тиіс дейді теміржолшылар.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?