Семейде құрылыс материалдарының көлемі артқан

Аймақтар
22.06.2021, 10:37
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар биылғы жартыжылдық көрсеткіштерді ойдағыдай еңсеруде. Әсіресе бөлімшедегі жүк тиеу және жүк түсіру жұмыстары бойынша жетістіктер мол. Жыл сайын белгіленген жоспардан тыс қосымша жүктер де тасымалдануда. Әсіресе, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Аягөз станцияларындағы жүк тиеу көрсеткіштері анағұрлым жоғарылап отыр. Сол тәрізді 1 класты Жаңа-Семей жүк станциясынан темірбетонды өнімдер мен «Силикат» ЖШС-ның кірпіш өнімдері мен цемент тиеу де артқан. Мәселен, цемент жөнелтуде техникалық жоспар бойынша межеленген 365,3 тонна немесе 5179 вагонның орнына жергілікті теміржолшылар 398,5 тонна құрайтын 5587 вагон жүк тиеп жөнелтіпті. Осылайша құрылыс материалын тиеу 109,1 пайызға жетіп отыр. Оған еліміздегі тұрғын үй құрылысының артып, аталмыш өнім бағасының көтерілуі де себеп болуда. Әсіресе күрделі жөндеуден өтіп жатқан республикалық маңыздағы Қалбатау-Майқапшағай күре жолы жанындағы 3 класты Жаңғызтөбе станциясында жүк түсіру көлемі күрт артуы себепті биылғы жылғы меже 7 800 вагонға жеткізілмек. Ал, келесі кезекте күз мезгілі болмаса да астық тасымалы елеулі орын алуда. Жыл басынан бергі бес ай ішінде семейлік теміржолшылар 881,1 мың тоннадан тұратын 1415 вагон бидай өнімін республика- мыздың түкпір-түкпіріне жөнелткен. Элеваторлардағы астық қоры әлі де жеткілікті. Алдағы шілде айында күздік қара бидайға орақ түсуімен тасымалдың бұл түрі тағы да еселеп өсетіні қазірден болжанып отыр. Дегенмен биылғы көрсеткіштер арасында жоспарға сай келмеген деректер де бар. Атап айтсақ, Қытай еліне жіберілетін жүктердің шекарада бөгелуіне байланысты түсті металл өнімінің тасымалы тек 98,7 пайызға ғана орындалып отыр. Бұл – карантиндік шектеу- лер тұсау болған өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Болжам бойынша маусымдық жағдай тұрақталады.

– Негізінде жүк тасымалы бой- ынша жоспарлы көрсеткіштерді еселейтін кезең алда, жаздың соңы мен күз мезгілінде басталады. Бұл орайда Дегелең станциясынан көмір тиеу қарқын алар болса, сол- түстік тармақтағы Ауыл, Белағаш станцияларынан астық, қарақұмық, күнбағыс, асбұршақ, рапс сынды ауылшаруашылық дақылдардың тасымалы күрт артатын болады. Қазіргі таңда жүк станциялары бойынша осы шараларға даярлық жұмыстарын кең көлемде пысықтап жатырмыз, – дейді бұл орайда бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары.

Айта кетер жайт, Семей теміржолы бойынша құрылыс материалдарының тасымалы Қаражыра көмірінен кейін екінші орында тұр. Ағымдағы жылы жергілікті теміржолшылар толық көлемі 12,0 млн тоннаның үстінде жүк тасымалдауды жоспарға алып отыр. Оның ішінде, әлбетте, тұрғын үй және жол құрылысына арналған заттардың үлесі мен көмір тасымалының көлемі және астық өнімдері аса мол болмақ. Осы орайда өндіріске жұмсалатын шығын мен кіріс көлемі бойынша көрсеткіштер қазіргі күні нәтижелі түрде орындалуда. Ал, жыл бойынша атқарылуы тиіс жоспарға сүйенсек, биыл жүк айналымын 7418 млн ткм неттоға жеткізіп, учаскелік жылдамдықты 39,44 км/сағ.-қа жоғарылату семейлік теміржолшылар үшін басты меже саналып отыр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті