Қазақстанның шағын бекеттері қайта жандануда

Аймақтар
22.06.2021, 10:52
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бұрын темір жолда негізгі, басты станцияларға көңіл бөлінсе, соңғы жылдары шағын станциялар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Мақат-Маңғыстау учаскесінде инфрақұрылымды дамытуға байланысты Шоқпартоғай, Бәйтерек, Тамақ, Манат, ал, Атырау-Ақсарай учаскесінде Қызылжар бөлу пункттері пайдалануға берілді. Әнебір жылдары тасымал азайып, пойыз саны кеміп кеткенде 7-разъезд бен Ганюш- киноның арасындағы 6-разъезд алынып тасталған болатын. Бүгінде тасымал көбейген соң, сол разъездер қалпына келтірілді. Вагон пайдалану депосы бойынша Ақжайық, Атырау, Ганюшкино, Сағыз, Мақат станцияларында жүк пойыздарын дайындау мен өңдеу уақытын қысқарту үшін тежегіштерді тексеретін және зарядтау қондырғысы орнатылды. Соның ішінде 5-класты шағын ғана Дина Нұрпейісова станциясы Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі. Учаске көлемі 7 шақырымдай жерді қамтығанымен, көтерер жүгі қомақты. Себебі, еларалық жүктер алдымен осы станция арқылы өтеді. Станция басында 1200-дей халық тұрады, жергілікті халықтың негізгі тұтынатын тауарлары да теміржолмен келеді. Станция бастығы Қ.Хисиннің айтуынша, тәулігіне 15 жұпқа дейін пойыз, мыңға жуық вагон қабылдап-жіберетін кездер болады. Станция басында Атырау жол дистанциясының жолшылары, ШЧ-8 дистанциясының байланысшылары, ВЧД-1 вагоншылары да өз қызметтерін орындауда. Станция ғимаратында станция бастығы мен кезекшісінің, СОБ, СЦ бөлмелері, 30 адамдық күту залы бар. Су мен жылу бар. Жұртшылық мұнда Атырау-Астрахань пойызымен қатынайтын, бірақ пандемияға байланысты ол пойыз был- тырдан бері тоқтап тұр. Станцияда 15 адам ауысыммен жұмыс жасайды. Маңғыстау облысымен шектесетін Толтыр станциясында да жағдай жаман емес. Пойыздарды өткізу қабілеті жоғары, тәулігіне 20-25 пойыз, яғни 1500-дей вагон өтеді. Мұнда да ЭЧ, ШЧ, ПЧ құрылымдарының қызметкерлерімен қосқанда 80-дей теміржолшы еңбек етеді. ШЧ-11 ғимаратында станция кезекшілігі орналастырылған, станцияның бөлек ғимараты жоқ. Су, жылу бар, газ келіп тұр. Станцияда ауысыммен жұмыс жасау нәтижесінде жұмысшылардың еңбек демалысы да дұрыс ұйымдастырылған. Ал Мұқыр станциясы – 1940 жылы құрылып, 80 жылдан бері халыққа қызмет етіп келе жатқан байырғы станциялардың бірі. Қазіргі уақытта 4-ші класты станцияға жатады. Өңірде соңғы жылдары темір жолдар жаңартылып, ағаш шпалдар темірбетонға ауысуда. Станция бастығы Боран Өтеулиевтің айтуынша, бұл игіліктен олар да құр алақан емес: станциялық негізгі жолдар бетон шпалдармен жабдықталған, ал қосымша жолдарда бұрынғы ағаш шпалдар жатыр. Негізгі жол үшеу және 4 кірме жол бар. Ағымдағы жөндеу нәтижесінде пойыздардың жүру жылдамдығы 100-120 сағат/шақырым. Тальго жүрдек пойызы сағатына 130 жылдам- дықпен жүреді. Станцияда 40 адам жұмыс істейді, оның ішінде байланыс, электрмен қамту, вагоншылар, т.б. жұмысшылар бар. Вокзал 150 орынға шақталған, ішінде станция бастығы мен кезекші бөлмесі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты электронды билет кассасы бар. Вокзалға 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, қызметкерлердің жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалған. Станция арқылы тәулігіне 6 жұп жолаушылар пойызы, Тальго жүрдек пойызы және 20 жұп жүк пойызы өтеді. Жалпы Мұқырда бүгінде 5 мыңның үстінде тұрғын бар. Бұрын жолаушылар пойызы үш-ақ минут аялдайтын. Кейін басшылық тарапынан тиісті шара алынып, пойыздың станцияда тұру уақыты 3 минуттан 5 минутқа ұзартылған. Ауылдық жер болғасын станция жолдарының жиегіне мал өктізбейтін қоршау салыныпты. Өткен бес айда станцияда жазатайым оқиға не жарақат алу, қауіпсіздік ережесін бұзу болмаған. Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты шағын станциялардың ішінде Ескене аралық станциясының да өзіндік орны бар. Ескенеде 40-тың үстінде үй, екі жүздей тұрғын бар. Территориялық жағынан алдыңғы Мақат ауданына қарайды. Қалаға келетін жүк және жолаушы пойыздарының бәрі осы станция арқылы өтеді. Станциядан тәулігіне елуге жуық пойыз өтеді, оның ішінде мұнай өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды тасыған жүк пойыздары бар, бұрын Атырау-Астана, Атырау-Алматы, Атырау-Маңғышлақ, Атырау- Ақтөбе, Москва-Душанбе, Саратов-Ташкент, Волгоград-Ташкент, Москва-Худжант, т.б. он шақты жолаушы пойыздары өтетін, қазір тек елішілік пойыздар жүреді. Ескене станциясы өзі шағын болғанымен, қызметі зор бекет. Оған Таскескен разъезі де қарайды. Осы жылдың 5 айында ешқандай қозғалыстың кідіруі, жолдың ақаулығы, байланыстың нашарлығы сияқты келеңсіздіктер орын алмаған. Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Самат Құлмахановтың айтуынша, өлкедегі Доссор, Ескене, Аққыстау, Жамансор, Бекбике, Мұқыр сынды басқа да шағын станциялар жұмысы соңғы жылдары әлдеқайда жанданып, жұмыс көлемі артқан. Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты шағын станциялардың ішінде Ескене аралық станциясының да өзіндік орны бар. Ескенеде 40-тың үстінде үй, екі жүздей тұрғын бар. Территориялық жағынан алдыңғы Мақат ауданына қарайды. Қалаға келетін жүк және жолаушы пойыздарының бәрі осы станция арқылы өтеді. Станциядан тәулігіне елуге жуық пойыз өтеді, оның ішінде мұнай өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды тасыған жүк пойыздары бар, бұрын Атырау-Астана, Атырау-Алматы, Атырау-Маңғышлақ, Атырау- Ақтөбе, Москва-Душанбе, Саратов-Ташкент, Волгоград-Ташкент, Москва-Худжант, т.б. он шақты жолаушы пойыздары өтетін, қазір тек елішілік пойыздар жүреді. Ескене станциясы өзі шағын болғанымен, қызметі зор бекет. Оған Таскескен разъезі де қарайды. Осы жылдың 5 айында ешқандай қозғалыстың кідіруі, жолдың ақаулығы, байланыстың нашарлығы сияқты келеңсіздіктер орын алмаған. Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Самат Құлмахановтың айтуынша, өлкедегі Доссор, Ескене, Аққыстау, Жамансор, Бекбике, Мұқыр сынды басқа да шағын станциялар жұмысы соңғы жылдары әлдеқайда жанданып, жұмыс көлемі артқан.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды