Ashyq жобасы Семей және Аягөз станцияларында жұмыс істей бастады

Аймақтар
02.07.2021, 13:14
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміз бойынша теміржол вокзалдары мен әуежайларына орнатылып жатқан «Аshyq» жобасы ел шығысына да жетті. Шілденің 1-нен бастап жолаушылар нөпірі аса көп, шығыс аймағындағы ең ірі екі қала Семей және Аягөз станцияларындағы теміржол вокзалдары осы бірегей жобаға қосылу арқылы жұмыс жүргізу тәртібіне көшті. Аталмыш жаңашылдық вокзал шаруашылығының қызметкерлеріне жаңа жауапкершілік жүктеп, жұмыс барысын біршама күрделендіруде. Осы орайда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша вокзал шаруашылығы қызметкерлеріне шағын лездеме өткізіліп, атқарылар шаралар барысын бірлесіп пысықтады. Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Ерлан Битеміровтің айтуынша, аталмыш жаңашылдық аса көп қиындық тудырмайды. Тек белгіленген талап-ережелер қатаң сақталуы тиіс.

– Баса атап өтер жайт, вокзал кешенінің кіреберісінде QR-кодты сканерлеу арқылы кіру жүйесі іске қосылады. Ал қосымша болмаған жағдайда вокзал қызметкеріне жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетуі қажет. Қаламызда оқитын шетелдік студенттердің саны көп екенін ескерсек, олардың мәртебелері паспорт нөмірлері арқылы тексеріледі, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей вокзалының жаңадан тағайындалған бастығы Есет Қажығұлов.

Мәселе сол, вокзалға алыс- жақын ауылдық елді мекендерден келушілер қатары көп. Тәулігіне мыңға жуық адам шартарапқа ағылып жатады. Демек, вокзал қызметкерлері үшін жергілікті жолаушылар қауымы жаңа жүйеге қалыптасқанша қауырт жұмыстар жүргізу қажеттігі туындайды. Қазіргі тәжірибе көрсеткендей, ashyq жобасын қолдануда алыс ауылдардан келген жолаушылар мен егде жастағы адамдар үшін вокзал қызметкерлерінің көмектері аса қажет. Тағы бір атап өтер мәселе, жаңа жүйенің енгізілуімен ендігі аралықта шығарып салушылар теміржол бекетінің ғимаратына кірмейді, пойызға отыруға билеті бар тұрғындар ғана перронға өте алады. Вокзалдың қос қапталындағы есіктер де жабылып, күзет шаралары күшейтілуде. Жалпы, қазіргі күні жазғы маусымға байланысты жолаушылар нөпірінің артқаны байқалады. Мәселен, маусымның 17-нен бастап аптаның тақ күндері Алакөл бағытына қатынайтын №457Т Семей-Жалаңашкөл пойызының жүрер сәті де қарбаласқа толы. Сол тәрізді №067Т Өскемен-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытындағы пойыздың жаңа тәртіппен күнделікті қатынауға көшуі де жолаушылар нөпірін арттырып, қосымша жүктеме туғызуда. Әйтсе де, сақтық пен қауіпсіздік шараларын бәрінен жоғары қоятын жергілікті теміржолшылар қауымы «жаңа жобаға сүйенуде біз үшін ешқандай қиындық жоқ» дейді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті