Семей теміржолшыларының 52 пайызы екпе алды

Аймақтар
02.07.2021, 14:02
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар қауымы коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын қызу түрде өткізуде. Мақсаттары – қауіпті індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Маусымның 30 күнгі мәлімет бойынша, Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерінің 52 пайызы екпе алды. Алғашқы болып НЖС-6 директоры Айдын Шәукежанов пен бөлім басшылары вакцина алған болатын. Алғашқыда сылбыр басталғанымен, қазіргі таңда ақпараттандыру жұмыстарының тиімді жүргізілуінің нәтижесінде бұл іс қарқын алуда. Екпе қабылдау бойынша әсіресе жол шаруашылығы теміржолшылары алда келеді. Мәселен, Семейдегі ПЧ-42 мекемесі қазіргі күннің өзінде 70 пайызға жуықтаса, Жаңа-Семей жол дистанциясы 62 пайызға жетіп отыр. Ал Защита өңірінің жолшылары 72 пайызбен көш бастап келеді.

– Күн сайын екпе алған әріптестердің санын арнайы тіркеп отырамыз. Соңғы апталарда екпе алушылар қатары күрт артты. Қазіргі күні 52 пайыз қызметкерлер вакцина алды. Өңіріміз бойынша 4 түрлі вакцина бар. Әйтсе де, ағзаға кері әсері байқалмауы себепті, әрі жеңіл өтетіндіктен теміржолшылар арасында ковид-19 вирусына қарсы отандық «qazvac» пен «hayatvax» екпелеріне сұраныс жоғары болып тұр. Егер дәл осы қарқынды жоғалтпасақ, алдағы қыркүйек айына дейін ұжымдық иммунитет қалыптастыруға толықтай қол жеткізетін боламыз. Себебі, қаламыздағы сауда орындары мен Семей, Аягөз сынды ірі қалаларда жылжымалы вакцинациялау пункттері ашылуда, – дейді бұл орайда пікір білдірген НЖС-6 бөлімшесінің кадр бөлімі басшысы Данияр Баймағұлов.

Қазіргі таңда шығыстағы теміржолшылар қауымы вакцинаның тиімділігі және алғашқы компонентін алғаннан кейінгі әсерлері жайында әлеуметтік желілерде жағымды пікірлер жариялап, өзге әріптестерін де шақыруда. Сәйкесінше, түсіністік танытушылар көп. Яғни, екпе алу науқаны ерікті түрде өтіп жатыр деген сөз.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті