«Бұл жастардың дені аудан ортылығынан және ауыл-аймақтардан. Поезд әдеттегідей станцияға кесте бойынша аялдайды. Өкінішке орай жастардың ваондар толық тоқтап біткенше шыдамы жетпей жатады » дейді Б. Іңірбай.Осы факті бойынша Сағыз ауылының екі тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар вагон қозғалысына кедергі келтіруге дейін барған 18-19-ғы жастар. Жазықтыларға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды
Атырау облысында бір топ адам шу шығарып, поезды тоқтатпақ болған
Оқуға 1 мин
Бала-шағысы бар, ересегі бар бір топ адамның келе жатқан поездды тоқтатпақ болып, лап қойғанын куәгерлер телефондарының бейне камерасына түсіріп алған.
Сағыз ауылдық округінің желілік полиция бөлімінің бастығы Болатбек Іңірбайдың айтуынша ауыл жастары әскерден оралған жерлестерін осылай қарсы алуды әдетке айналдырғандай.
Қызылқоға ауданында әскери борышын өтеп қайтқан жігіттерді осылай айхай-шумен қарсы алу рәсімі бұрын да кездескен. Ал ,поезд ы тоқтатуға әрекеттеу фактісі бірінші рет болып отыр.