Жамбылда техникалық сабақтар тиянақты өтеді

Аймақтар
12.07.2021, 13:54
Асхат Райқұл

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде бекітілген жоспарға сәйкес локомотив бригадаларының стандартты емес жағдайдан шығу бойынша іс-қимылдары техникалық сабақтарда үнемі пысықталып тұрады. Қолданыстағы бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, лауазымдық міндеттерді орындау барысы да назардан тыс қалмайды. Ай сайын жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс дистанциясы, электрмен жабдықтау дистанциясымен бірлесіп, «Жолдағы адам» ақпарат жүйесі, автоматты локомотивтік сигнал беру кодтарының істен шығуы бағыттарындағы жұмыс нәтижелері қаралады. Жыл басынан бері Тараз, Шу станцияларында тұрғындар арасында темір жол бойында жүріп-тұру, мал жаю қағидалары туралы бірнеше түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Локомотив бригадаларымен бірге техникалық сабақтарда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу мен қозғалыс кестесіндегі кідірістер жағдайы мұқият зерделеніп тұрады. Сонымен қатар, локомотивтердің техникалық базасын көтеру және олардың мәдени және эстетикалық ахуалын жақсарту үшін профилактикалық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады. Биылдыққа локомотив бригадаларының лауазымдық міндеттерін орындау аясындағы маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде және қызмет көрсету учаскелеріне, оның ішінде шалғай станцияларға 12 рет кенеттен тексеру шаралары жүргізіліпті. Оның барысында 16 бұзушылық анықталып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ақпан наурыз айларында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС- нің барлық филиалдарында «Вагонның (тұтқалардың, сатылардың, алаңдардың) технологиялық жабдықтарының жарамдылығы» айлығы өткізілген. Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы аясында ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі пысықталған. Сондай-ақ, Жамбыл депосы бойынша локомотивтерді қажетті құралдармен, жөндеу жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін локомотив паркін бір жолғы тексеру жүргізілді. Бұл шара аясында локомотивтерді, оның ішінде кабина мен машина бөлігін жарықтандыру шамдарымен, жарық таблоларымен, прожекторлық шамдармен қамтамасыз ету назарға алынған. Ал жақында депо бойынша командалық-инструкторлық құрамның күшімен локомотив бригадаларына нұсқаулықтар өткізілген. Онда пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзушылықтарына жол берілген ситуациялық схемалар егжей-тегжейлі таныстырылған. Жалпы, локомотив бригадаларына арналған техникалық сабақтарда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу және қозғалыс кестесіндегі іркілістер жағдайлары тұрақты талданады. Локомотив бригадалары теміржол өтпелеріне жақындаған кезде әрбір 10-15 секунд сайын және өткелдер мен қауіпті орындардан өткенге дейін дыбыстық сигналдар беруі қадағалады.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?