Ақпараттық насихаттың арқасында Ақтобеде індетке шалдығатындар саны күрт азайды

Аймақтар
13.07.2021, 14:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе ЖТ бөлімшесі бойынша коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырғандар саны артты. Соңғы кезде теміржолшылар арасында қауіпті індетті жұқтырғандар да күрт азайған. Басшылық оның бір ұшы халыққа індеттің қаупі және вакцинаның маңызы жайлы шынайы ақпарат беруде жатыр деп санайды. Өткен аптада Ақтөбе локомотив пайдалану депосында «Өзіңді және жақындарыңды қорға» деген тақырыпта COVID-19-ға қарсы ұжымдық вакцинацияның маңыздылығын түсіндірген шара өтті. Ақпараттық түсіндіру кезінде пандемияға қарсы күресте жалғыз жол ретінде таңдалған вакцина алу науқаны теміржолшылар арасында белсенді өтіп жатқаны айтылды. Оған дәрігерлердің арнайы жүргізген түсіндіру жұмыстары да оң әсер еткен.

«Сондықтан жалпы қоғамдық иммунитет қалыптасқанша түсінік жұмыстары жалғаса бермек, ақпарат артық болмайды»,– дейді дәрігерлер.

Теміржол мекемелері «Медикер» ЖШС-мен келісімге келген. Медициналық орталық дәрігерлері теміржолшыларға екпе алудың маңызы мен екпе алғаннан кейінгі сақтық шараларын ескертсе, N3 қалалық емхананың жылжымалы вакцинация тобы мекемелерді аралап жүр. Ақтөбе локомотив пайдалану депосының басшысы Нұрлан Көшербаев еңбек ұжымымен бірге болып, иммундаудың маңыздылығына тоқталды.

«Вирус өте қауіпті әрі ол тез жойылмайды, сондықтан біз оған қарсы күш біріктіруіміз керек. Ел президенті халықтың денсаулығына төнген қауіппен күресудің жолы – вакцина алу екенін айтты. Ең бастысы – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Халықтың 60-70 пайызы екпе алса, індетті жеңуге болады. Еліміздегі жолаушы және жүк тасымалын ұйымдастырып отырған теміржолшылардың қоғамдық жауапкершілігі жоғары. Дәрігерлер екпені мекемеге келіп те салып жатыр. Барлық жағдай жасалған», – деді депо басшысы Нұрлан Көшербаев.

Бүгінде деподағы 697 жұмысшының 385-і вакцинацияланды. Мекемеде қазір вакцина алғандар саны 55 пайыздан асып отыр. Дәрігерлер де өңірде вакцина салдырып жатқандар қатары артқанын хабарлады. Қазіргі кезде күніне 2 500- 3 000 адам екпе алып жатыр екен. Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта өсті. Сегіз бірдей облыс «қызыл» аймақта қалды. Бұны дәрігерлер «дельта» жаңа штамының таралуымен байланыстырады.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды