Атырау магистралдық желі бөлімшесі үздік шықты

Аймақтар
16.07.2021, 12:05
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өндірістік-шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Атырау магистральдық желі бөлімшесі өткен жылдың қорытындысымен салалық жарыс жеңімпазы деп танылды. Мұндай жарыс жыл сайын еңбек ұжымдары арасында тоқсан, жарты жыл және жыл қорытындысымен өтіп тұратыны белгілі. Соған сай «Салалық жарыстың жеңімпазы» деген атақ өндірістік, шаруашылық, қаржылық және кадрлық қызметте, сонымен қатар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген еңбек ұжымдарына беріледі. Атырау магистральдық желі бөлімшесі 2020 жылы салалық жарыстың барлық көрсеткіштері бойынша ең жоғарғы балл жинаған. Яғни, бөлімше бойынша өндірісте күрделі ақауларға жол берілмеген, өндірістік жарақат алу жағдайлары, аппаттық жағдайлар тіркелмеген. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бөлімшеге қарасты еңбек ұжымдарын моральдық көтермелеу жөніндегі жұмыс тобының 2020 жылғы салалық жарысты қорытындылау бойынша жиналысының хаттамасы негізінде Атырау магистральдық желі бөлімшесі 1-ші орынға ие болып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Мекеменің озық қызметкерлеріне «Үздік маман», «Кәсібі бойынша үздік» атақтары және жұмысшыларға сыйақы берілді. Ал Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров «Үздік басшы» төсбелгісін иемденіп, үздік бөлімшенің мерейін үстем ете түсті.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?