Шымкентте 5 айда үш адам, төрт малды пойыз қақса да тұрғындар бейқам

Аймақтар
16.07.2021, 13:12
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жыл басынан бері бес айдың ішінде Шымкент жол дистанциясы бойынша пойыздың үш адамды, төрт қара малды басу оқиғасы орын алған. Осыған орай, жуырда Шымкент жол дистанциясының ұйымдастыруымен станция, желілік полиция бөлімі, аудан әкімдігінің өкілдері және ауыл тұрғындары қатысқан жиын өтті. Сала мамандары Шымкент қаласының маңайындағы Игілік ауылының тұрғындарын жинап, теміржол бойында мал жаюға, белгіленбеген жерден кесіп өтуге, қоршауды бұзуға болмайтынын, бұзған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлейтіндерін айтып, түсіндірді. «Биыл қоршауларды жөндейміз, мал айдайтындар Бадам жақтағы көпірден ары қарай өткізесіздер. Ал сіздер алысқа баруға ерініп, осы жерден темір қоршауды бұзып, өте салуды әдетке айналдырғансыздар. Бұл өте қауіпті. Сіздердің салғырттықтарыңыздың салдарынан пойыздар жиі тоқтап, мал мен жан опат болуда» деп түсіндіріп жатты теміржолшылар халыққа. Игілік ауылының биі Әлиакбар Дәуренұлы елді мекенде 230 отбасы тұратынын, оның әрқайсысында орта есеппен бес адамнан болғанда мың тұрғынға жетіп қалатынын айтты. Ауыл биінің айтуынша, он шақты отбасы ірі қара мал ұстайды екен. «Иә, бізге әкімшіліктен келіп ескертіп, осындай жиналыстар өткізіп тұрады. Енді үкімет қалай шешеді, солай заңға бағынамыз. Мал ұстаған адамға жайылым жер керек. Бірақ бұл аумақта да, Бадамның ішінде де жайылым жер жоқ. Ал қалған жердің бәрі қоршаулы, ауыл шаруашылығына арналған. Тұрғындар да малдарын жайғысы келеді, былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады деген осы», – деді ауыл биі. Ал Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімі аппаратының Жаңа- талап ауданы бойынша халықпен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы Сәлимаш Сапарбекова бұрын бұл жерлердің бос жатқанын, халықтың заңсыз құрылыс салып алғанын айтты. «Халықпен бірнеше рет жиналыс ұйымдастырылды, ескерту берілді. Бұрын бұл жердің бәрі бос жатқан, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерге заңсыз құрылыс салып алған. Қазақпыз ғой, малдарыңызға ие болыңыздар деп келе жатқанымызға он жыл болды. Өздері де теміржолды кесіп өте салады, мал жаяды, салдарынан қанша шығын болып жатқанын біліп отырмыз», – деді Сәлимаш Сапарбекова. Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұржан Жарылқап жауапсыз ауыл тұрғындарының кесірінен жыл сайын жұлым-жұлымы шыққан темір қоршауларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтты. – Игілік-Бадам аралығындағы қараусыз жайылып жүрген мал біздің де бас ауруымызға айналды. Осы бес айдың ішінде 4 қара мал басылды, 2 шұғыл тежеу оқиғасы орын алды, үш адамды басып кетті. Игілік ауылының тұрғындары теміржол бойына мал жаюды әдетке айналдырған. Бүгінгі жиынға Абай ауданы әкімшілігі мен ауыл биін де шақырып отырмыз. Түсінік жұмыстарын жүргізуден кенде емеспіз. Былтыр ғана ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, темір қоршаудың бұзып кеткен жерлерін жалғадық. Биыл тағы да қоршаудың бәрін жөндеуге мәжбүрміз. «Өтуге болмайды, айыппұл салынады» деген белгілер ілеміз. Кейде ауыл тұрғындарын малын жайып жүрген жерінен ұстап алсақ та, тіпті пойыз қағып кеткен сиырын танып тұрса да мойындамайтындары болады. Тұрғындарға теміржолдың бойы мал жайылымы емес екенін түсіндіре алмай келеміз», – деді бас инженер Нұржан Жарылқап. Жалпы, Арыс пен Шымкент учаскесінің аралығы 88 шақырым. Игілік-Бадам станциялары аралығындағы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жиі өткізсе де мал қағу, адам басып кету фактілері жыл сайын қайталанып келеді. Шымкент станциясы Жергілікті полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Шарипа Сыздықова ауыл тұрғындары теміржол торабы бойында мал жаю қағидаттарын бұзса, бірінші жағдайда ескерту берілетінін, екінші рет алты ай ішінде қайталанатын болса 15 мың теңгедей айыппұл салынатынын жеткізді.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?